User's Guide

VESA қабырға кронштейнін тағу
Монитор панелін қабырғаға, ілгекке немесе басқа қабырғаға бекіту құралына тағу кезінде қолдану
үшін монитор жинағына VESA қабырға кронштейні кіреді.
1. Монитор тұғырын шешіңіз. Монитор тұғырын алу (9-бет) бөлімін қараңыз.
2. Дисплей жоғарғы жағының артындағы ортадан бұранданы шешіп алыңыз.
3. VESA кронштейнінің төменгі жағындағы тілшені дисплей жоғарғы жағының артындағы ұяға
кіргізіңіз: кронштейн сырт етіп орнына кіруі керек (1); содан кейін кронштейннің жоғарғы жағын
дисплейдің жоғарғы жағының ортасына орнатылған бұрандамен бекітіңіз (2).
4. Мониторды ілгекке немесе басқа қабырғаға бекіту құралына тағу үшін бекіту құралындағы
тесіктер арқылы төрт бекіту бұрандасын өткізіп, монитордың артына орнатылған VESA
кронштейніндегі бұранда тесіктеріне кіргізіңіз.
10 1-тарау Жұмысқа кірісу