User's Guide
5. Масштабты реттеу үшін элементті алдыңғы тақтадағы + немесе – түймесін пайдаланыңыз.
6. Функцияны реттеп болғаннан кейін, Сохранить и вернуться (Сақтау және қайта оралу) тармағын
таңдаңыз, егер параметрді сақтағыңыз келмесе, Отмена (Болдырмау) тармағын таңдаңыз, содан
кейін негізгі мәзірден Выйти (Шығу) тармағын таңдаңыз.
Негізгі мәзір Сипаттама
Жарықтық Экранның жарықтық деңгейін реттейді. Зауыттық әдепкі мәні – 90.
Контраст Экранның контраст деңгейін реттейді. Зауыттық әдепкі мәні – 80.
Кірісті басқару элементі Бейне кіріс сигналын таңдайды.
Түсті басқару Экран түсін таңдайды және реттейді.
Кескінді басқару Экрандағы кескінді реттейді.
Қуатты басқару Қуат параметрлерін реттейді.
OSD басқару Экрандық мәзірдің басқару элементтерін реттейді.
Басқару Дыбыс параметрлерін реттейді және экрандағы дисплей мәзірінің барлық параметрлерін зауыттық
әдепкі мәндеріне қайтарады.
Тіл Экрандық мәзір көрсетілетін тілді таңдайды. Зауыттық әдепкі тіл – ағылшын.
Ақпарат Монитор туралы маңызды ақпаратты таңдайды және көрсетеді.
Шығу Экрандық мәзір экранынан шығу.
Aвто ұйқы режимін қолдану
Дисплей Автоматический переход в спящий режим (Aвто ұйқы режимі) деп аталатын OSD (экран
мәзірі дисплейі) опциясын қолдайды, ол арқылы дисплейдің қуат күйін азайту функциясын қосуға
немесе өшіруге болады. Auto-Sleep Mode (Авто ұйқы режимі) қосылып тұрса (әдепкі күйі бойынша),
монитор қосылып тұрған компьютер төмен қуат сигналын бергенде (көлденең немесе тік синхронды
сигналдың болмауы), қуат үнемдеу күйіне енеді.
Монитор қуат үнемдеу режиміне енгенде оның экраны бос болады, артқы жарығы өшеді және жарық
диодты шамы сары түске айналады. Монитор қуат үнемдеу күйінде 0,5 В -тан кем қуат қолданады.
Басты компьютер мониторға белсенділік сигналын жібергенде, монитор ұйқы режимінен оянады
(мысалы, сіз тінтуірді немесе пернетақтаны қозғағаныңызда).
Экран дисплейінде Авто ұйқы режимін ажырата аласыз. Экрандағы дисплейді ашу үшін монитордың
алдыңғы панеліндегі Меню (Мәзір) түймесін басыңыз. Экрандағы дисплейде Управление питанием
(Қуатты басқару) > Автоматический спящий режим (Автоматты ұйқы режимі) > Выкл. (Өшіру)
опцияларын таңдаңыз.
14 2-тарау Мониторды пайдалану