User's Guide
в. Сынақ беті түймешігін басыңыз.
г. Print Test Page (Сынақ бетін басып шығару) түймешігін басып, экрандағы нұсқауларды
орындаңыз.
7. Диагностикалық бет жолақтарды немесе мәтін немесе түрлі-түсті қораптардың бос бөлігін
көрсетсе, басып шығару механизмін автоматты түрде тазалаңыз.
Басып шығару механизмін автоматты түрде тазалау үшін
а. Кіріс науасына Хат немесе A4 пішімді кәдімгі ақ қағаз салыңыз.
ә. HP қызметтік бағдарламасы ашыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: HP қызметтік бағдарламасы Applications (Бағдарламалар) қалтасының HP
қалтасында орналасқан.
б. Принтердің сол жағындағы құрылғылар тізімінен таңдаңыз.
в. Басып шығару механизмдерін тазалау түймешігін басыңыз.
г. Clean (Тазалау) түймешігін басып, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
ЕСКЕРТУ: Басып шығару механизмін қажет болғанда ғана тазалаңыз. Қажетсіз тазалау
сияны босқа кетіреді және басып шығару механизмінің жұмыс істеу мерзімін азайтады.
ЕСКЕРТПЕ: Тазалауды аяқтағаннан кейін де басып шығару сапасы әлі нашар болса, басып
шығару механизмін туралап көріңіз. Тазалау және туралау процесін орындағаннан кейін де
басып шығару сапасында ақаулықтар болса, HP қолдау қызметімен хабарласыңыз.
ғ. Ақпарат және Қолдау аймағына қайта оралу үшін Барлық параметрлер түймешігін
басыңыз.
98 8-тарау Мәселені шешу KKWW