User's Guide
Беттің екі жағында басып шығару (Windows)
1. Бағдарламалық құралдан Басып шығару түймесін таңдаңыз.
2. Принтердің таңдалғанын тексеріңіз.
3. Свойства (Сипаттар)тілқатысу терезесін ашатын түймешікті басыңыз.
Бағдарламалық құрал қосымшасына байланысты бұл түймешік Свойства (Сипаттар), Опции
(Опциялар), Установка принтера (Принтерді орнату), Свойства принтера (Принтер сипаттары)
немесе Принтер немесе Предпочтения (Таңдаулылар) деп аталуы мүмкін.
4. Printing Shortcuts (Басып шығару таңбашалары) немесе Printing Shortcut (Басып шығару
таңбашасы) қойындысында Two-sided (Duplex) Printing (Екі жақты (дуплексті) басып шығару)
белгісін таңдаңыз.
Басқа басып шығару параметрлерін өзгерту үшін басқа қойындыларды басыңыз.
Қосымша басып шығару кеңестерін көру үшін Принтер параметрлері туралы кеңестер (37-бет)
бөлімін қараңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Егер қағаз өлшемін өзгертсеңіз, тиісті қағазды кіріс науасына жүктегеніңізді
тексеріңіз.
5. Бірінші жағын басып шығарған соң, қағазды қайта салу үшін экрандағы нұсқауларды орындап,
Continue (Жалғастыру) түймесін басыңыз.
6. Басып шығару үшін OK түймесін басыңыз.
Беттің екі жағында басып шығару (OS X және macOS)
1. Бағдарламалық жасақтаманың Файл (Файл) мәзірінде Печать (Басып шығару) түймешігін
таңдаңыз.
2. Басып шығару диалогтық терезесіндегі ашылмалы мәзірден Қағазды басып шығаруға
дайындау аймағын таңдаңыз және Қағаз реті параметрін Қалыпты күйге орнатыңыз.
3. Басып Шығарылатын Беттер параметрін Тек Тақ сандарды орнатыңыз.
4. Басып шығару түймешігін басыңыз.
5. Тақ санмен нөмірленген барлық беттері басып шығарылғаннан кейін, құжатты шығыс науасынан
алып тастаңыз.
6. Принтерден шыққан соңғы беттердің принтердің ішіне қайтадан кіретіндей және құжаттың бос
беті принтердің алдына қаратылатындай етіп құжатты қайта салыңыз.
7. Басып шығару диалогтік терезесінде Қағазды басып шығаруға дайындау ашылмалы мәзіріне
қайта оралыңыз және қағаз ретін Қалыпты күйге және беттерді Бір рет басып шығару күйіне
орнатыңыз.
8. Басып шығару түймешігін басыңыз.
KKWW Құжаттарды басып шығару 27