Equipment reference manual
Компьютердің алынбалы панелін алу
Ішкі құрамдас бөлшектерді алу үшін, алынбалы панельді алып тастауыңыз қажет:
1. Компьютерді ашуға тиым салатын барлық қауіпсіздік құралдарын алып тастаңыз/істен
шығарыңыз.
2. Компьютерден барлық алынатын шағын диск немесе USB флэш драйвтерін алып тастаңыз.
3. Компьютерді жұмыс жүйесі арқылы дұрыстап өшіріңіз, одан кейін барлық сыртқы құралдарды
өшіріңіз.
4. Қуат сымын розеткадан ажыратыңыз және барлық сыртқы
құралдарды ажыратыңыз.
ЕСКЕРТУ: Қуат қосу/өшіру күйіне қарамастан, жүйе қосылып тұрған AТ көзіне жалғанып тұрса,
жүйе тақтасында әрқашан тоқ болады. Компьютердің ішкі бөлшектерінің бүлінуінің алдын алу
үшін қуат сымын ажыратып қою керек.
5. Алынбалы панельдің тұтқасын (1) жоғары тартып, панельді артқа (2) қарай сырғытып, оны
компьютерден (3) көтеріп алыңыз.
62-тарау Құрылғы жаңартулары










