Equipment reference manual
9,5 мм жіңішке оптикалық жетекті орнату
1. Компьютерді ашуға тиым салатын барлық қауіпсіздік құралдарын алып тастаңыз/істен
шығарыңыз.
2. Компьютерден барлық алынатын шағын диск немесе USB флэш драйвтерін алып тастаңыз.
3. Компьютерді жұмыс жүйесі арқылы дұрыстап қосыңыз, одан кейін барлық сыртқы құралдарды
өшіріңіз.
4. Қуат сымын розеткадан ажыратыңыз және барлық сыртқы құралдарды ажыратыңыз.
ЕСКЕРТУ: Қуат қосу/өшіру күйіне қарамастан, жүйе қосылып
тұрған AТ көзіне жалғанып тұрса,
жүйе тақтасында әрқашан тоқ болады. Компьютердің ішкі бөлшектерінің бүлінуінің алдын алу
үшін қуат сымын ажыратып қою керек.
5. Компьютердің алынбалы панелін алыңыз.
6. Жіңішке оптикалық жетекті жапқышы бар ұяшыққа орналастырсаңыз, алдыңғы панелін алып,
одан кейін ұяшықтың қақпағын алыңыз. Қосымша ақпаратты
Жіңішке оптикалық дискінің
бітеуіш жапқышын алу (9-бет) бөлімінен қараңыз.
7. Орнатылған оптикалық дискіні алу үшін осы нұсқауларды орындаңыз.
9,5 мм жіңішке оптикалық
дискіні шығарып алу (19-бет) бөлімін қараңыз.
8. Босату ілмегіндегі шағын істікшесін дискінің бүйіріндегі кіші тесікке туралаңыз да, құлақшаны
дискіге қарай қаттырақ басып жіберіңіз.
Дискілерді орнату және алу 21










