User's Guide
●
Егер планшетте Windows бөлімі немесе Recovery бөлімі болмаса, қалпына келтіру медиасын 
қолдау қызметінен алуға болады. Осы планшетпен бірге берілген Worldwide Telephone Numbers 
(Әлемдік телефон нөмірлері) кітапшасын қараңыз. Әрі байланыс ақпаратын HP веб-торабында 
табуға болады. http://www.hp.com/support мекен-жайын ашып, экрандағы нұсқауларды 
орындаңыз.
Жүйені қалпына келтіру нүктелерін жасау және жеке мәліметтердің сақтық көшірмелерін жасау 
үшін Windows құралдарын пайдалануға болады. Ақпаратты Windows құралдарын пайдалану
(57-бет) бөлімінен қараңыз.
●
Егер планшетте Recovery бөлімі немесе Windows бөлімі болмаса, планшетті сәтті түрде 
орнатқаннан кейін қалпына келтіру медиасын жасау үшін 
HP Recovery Manager құралын 
пайдаланыңыз. HP Recovery құралын қатты диск бүлінген жағдайда жүйені қалпына келтіру үшін 
қолдануға болады. Жүйені қалпына келтіру зауытта орнатылған бастапқы операциялық жүйесін 
және бағдарламалық құралды қайта орнатады және бағдарламалардың баптауларын теңшейді. 
HP Recovery құралын жүйе параметрлерін бейімдеуге немесе қатты дискіні ауыстырғанда 
зауыттық кескінді қалпына келтіруге қолдануға болады.
◦
Қалпына келтіру дискілерінің тек қана бір жинағын жасауға болады. Бұл қалпына келтіру 
құралдарын қолданғанда сақ болып, оларды қауіпсіз жерде сақтаңыз.
◦
HP Recovery Manager планшетті тексеріп, пайдаланылатын медиа құралындағы қажет 
сақтау көлемін анықтайды. 
◦
Қалпына келтіру дискілерін жасау үшін планшетте DVD дискілерін жазу мүмкіндігі бар 
оптикалық дискенгізгі болуы керек және тек жоғары сапалы бос DVD-R, DVD+R, DVD-R DL 
немесе DVD+R DL дискілерін пайдалану керек. CD±RW, DVD±RW, қос қабатты DVD±RW 
дискілерін немесе BD-RE (қайта жазуға арналған Blu-ray) сияқты қайта жазуға болатын 
дискілерді пайдаланбаңыз; олар HP Recovery Manager бағдарламалық құралымен 
үйлеспейді. Не болмаса, оның орнына жоғары сапалы бос USB флэш картасын қолдануға 
болады. 
◦
Егер планшетте DVD дискілеріне жазу мүмкіндігі бар кірістірілген оптикалық диск жетегі 
болмаса, бірақ DVD қалпына келтіру медиасын жасағыңыз келсе, қалпына келтіру дискілерін 
жасау үшін сыртқы оптикалық диск жетегін (бөлек сатып алынады) пайдалануға болады. 
Сыртқы оптикалық дискісін қолдансаңыз, ол планшеттегі USB портына тікелей жалғануы 
керек. Диск жетегін USB хабы сияқты сыртқы құрылғыдағы USB портына жалғауға 
болмайды. Егер өзіңіз DVD тасығышын жасай алмасаңыз, HP компаниясынан планшетті 
қалпына келтіру дискілерін алуға алуға болады. Осы планшетпен бірге берілген Worldwide 
Telephone Numbers (Әлемдік телефон нөмірлері) кітапшасын қараңыз. Әрі байланыс 
ақпаратын HP веб-торабында табуға болады. http://www.hp.com/support мекен-жайын 
ашып, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
◦
Қалпына келтіру құралдарын жасамай тұрып, планшеттің айнымалы ток көзіне 
жалғанғанын тексеріңіз.
◦
Дискілерді жасау процесі бір сағаттай уақыт алуы мүмкін. Дискілерді жасау процесін 
тоқтатпаңыз.
◦
Қажет болса, барлық қалпына келтіру DVD дискілерінің жасалуы аяқталғанға дейін 
бағдарламадан шығуға болады. HP Recovery Manager ағымдағы DVD дискісіне жазуды 
аяқтайды. HP Recovery Manager бағдарламасын келесіде іске қосқан кезде жалғастыру 
сұралады.
НР жүйені қалпына келтіру құралын жасау:
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Ажыратылатын пернетақта бар планшет үшін, осы қадамдарды бастамас 
бұрын пернетақтаны пернетақта бекемдеуіне жалғаңыз.
56 10-тарау Сақтық көшірме жасау және қалпына келтіру










