Equipment reference manual

Жұмыс үстелінен мұнара конфигурациясына өзгерту
Компьютерді НР компаниясынан сатып алуға болатын қосымша мұнара тірегі бар мұнара бағдарында
қолдануға болады.
1. Компьютерді ашуға тиым салатын барлық қауіпсіздік құралдарын алып тастаңыз/істен шығарыңыз.
2. Компьютерден USB флэш драйвері сияқты барлық алынатын құралдарды алып тастаңыз.
3. Компьютерді жұмыс жүйесі арқылы дұрыстап қосыңыз, одан кейін барлық сыртқы құралдарды
өшіріңіз.
4. Айнымалы ток қуат сымын
розеткадан ажыратыңыз жəне барлық сыртқы құралдарды ажыратыңыз.
ЕСКЕРТУ: Қуат қосу/өшіру күйіне қарамастан, жүйе қосылып тұрған AТ көзіне жалғанып тұрса,
жүйе тақтасында əрқашан тоқ болады. Компьютердің ішкі бөлшектерінің бүлінуінің алдын алу үшін
айнымалы ток қуат сымын ажыратып қою керек.
5. Компьютердің оң жағын жоғары қаратып бағыттаңыз да, компьютерді қосымша тұғырға
орналастырыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Компьютерді тігінен орнықтыру үшін, HP қосымша тік тұғыр қолдануға кеңес
береді.
6. Сыртқы құрылғылар мен қуат сымын жалғап, компьютерді қосыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Компьютердің əр жағынан кем дегенде 10,2 сантиметр (4 дюйм) кедергісіз бос орын
қалуын қадағалаңыз.
7. Алынбалы панелін алғанда істен шығарылған қауіпсіздік құралдарын бекітіңіз.
Жұмыс үстелінен мұнара конфигурациясына өзгерту 13