Equipment reference manual

SODIMM құралдарын орнату
ЕСКЕРТУ: Айнымалы ток қуат сымын ажыратып, жад модульдарын қосқанға немесе алғанға дейін
шамамен 30 секундтай кернеудің басылғанын күту керек. Қуат қосу/өшіру күйіне қарамастан, компьютер
қосылып тұрған AТ көзіне жалғанып тұрса, тоқ жад модульдарына əрқашан жабдықталып тұрады. Кернеу
бар кезде жад модульдарын қосу немесе алу нəтижесінде жад модульдарына немесе жүйе тақтасына
жөнделмейтін зақым келуі
мүмкін.
Жад модульдарының ұяшықтарының алтындалған метал контактілері болады. Жадты жаңартқанда
үйлеспейтін металдардың бір-бірімен қатынасы нəтижесінде пайда болатын тотығу жəне/немесе
қышқылданудың алдын алу үшін алтындалған метал контактісі бар жад модульдарын қолдану маңызды.
Статикалық электр қуаты компьютердің электрондық құрамдас бөлшектерін немесе қосымша
карталарды зақымдауы мүмкін. Бұл іс рəсімдерін бастамас бұрын, жерге қосылған
темір затты ұстап
қалып статикалық электр зарядыңыздың жоқ екенін тексеріңіз. Толығырақ ақпарат үшін,
Электр
статикалық разряд (44-бет) бөлімін қараңыз.
Жад модулін қолданғанда контактілеріне қол тигізбеңіз. Солай болған жағдайда модульге зақым келуі
мүмкін.
1. Компьютерді ашуға тиым салатын барлық қауіпсіздік құралдарын алып тастаңыз/істен шығарыңыз.
2. Компьютерден USB флэш драйвері сияқты барлық алынатын құралдарды алып тастаңыз.
3. Компьютерді жұмыс жүйесі арқылы дұрыстап қосыңыз, одан кейін барлық сыртқы құралдарды
өшіріңіз.
4. Айнымалы ток қуат сымын розеткадан ажыратыңыз жəне барлық сыртқы құралдарды ажыратыңыз.
5. Егер компьютер тұғырда тұрса, компьютерді тұғырдан
алып, жерге орналастырыңыз.
6. Компьютердің алынбалы панелін алыңыз.
7. Желдеткішті босату үшін желдеткіш ысырмаларын екі көрсеткі (1) бойынша қысыңыз.
8. Желдеткіш ашасын жүйелік тақтадан (2) ажыратып, желдеткішті шассиден көтеріп алыңыз.
9. Жад модульдерін жүйелік тақтаға орналастырыңыз.
16 2-тарау Құрылғы жаңартулары