Equipment reference manual

Қатты диск жетегін (HDD) алу жəне ауыстыру
ЕСКЕРТПЕ: Ескі HDD алып тастаудан бұрын деректеріңізді жаңа HDD жетегіне тасымалдау үшін ескі
HDD жетегіндегі деректерді сақтық көшірмелеңіз.
1. Компьютерді ашуға тиым салатын барлық қауіпсіздік құралдарын алып тастаңыз/істен шығарыңыз.
2. Компьютерден USB флэш драйвері сияқты барлық алынатын құралдарды алып тастаңыз.
3. Компьютерді жұмыс жүйесі арқылы дұрыстап қосыңыз, одан кейін барлық сыртқы құралдарды
өшіріңіз.
4. Айнымалы ток қуат сымын розеткадан ажыратыңыз жəне барлық сыртқы құралдарды ажыратыңыз.
ЕСКЕРТУ: Қуат қосу/өшіру күйіне қарамастан, жүйе қосылып тұрған AТ көзіне жалғанып тұрса,
жүйе тақтасында əрқашан тоқ болады. Компьютердің ішкі бөлшектерінің бүлінуінің алдын алу үшін
айнымалы ток қуат сымын ажыратып қою керек.
5. Егер компьютер тұғырда тұрса, компьютерді тұғырдан шешіп алыңыз.
6. Компьютердің алынбалы панелін алыңыз.
7. HDD қуат жəне дерек кабелін HDD жетегінен ажырату үшін көк түсті қойындыны (1) тартыңыз.
8. HDD артындағы босату тетігін HDD жетегінен (2) алшақ тартыңыз. Босату ілгегін басып тұрып,
дискіні артқа қарай тоқтағанша итеріңіз, одан кейін HDD жетегін көтеріп, ұясынан шығарыңыз (3).
Қатты диск жетегін (HDD) алу жəне ауыстыру 19