Equipment reference manual

Жеткізуге дайындау
Компьютерді жіберуге дайындық барысында мына ұсыныстарды орындаңыз:
1. HDD файлдарын сыртқы сақтау құрылғысына сақтық көшірмелеңіз. Сақтаушы медиалардың
электрлік немесе магниттік соққыларға ұшырамауын қадағалаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: HDD жүйе қуаты өшірілгенде автоматты түрде бекітіледі.
2. Барлық алынбалы медианы алып тастаңыз.
3. Компьютерді жəне басқа сыртқы құрылғыларды өшіріңіз.
4. Айнымалы ток қуат сымын розеткадан, одан кейін компьютерден ажыратыңыз.
5. Жүйе компоненттерін жəне сыртқы құрылғыларды қуат көздерінен, одан кейін компьютерден
ажыратыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Компьютерді жібергенге дейін барлық тақталардың дұрыс орналасқанын жəне тақта
ұяшықтарына дұрыс қондырылғанын тексеріңіз.
6. Жүйе компоненттері мен сыртқы құрылғыларды қорғау үшін, оларды өз қораптарына немесе оларға
ұқсас орам материалдары жеткілікті қораптарға салыңыз.
46 ə қосымшасы Компьютер жұмысы туралы нұсқаулық, күнделікті қызмет көрсету жəне жіберу
дайындықтары