Пайдаланушы нұсқаулығы
© Copyright 2015 HP Development Company, L.P. AMD белгісі – Advanced Micro Devices, Inc. корпорациясының сауда белгісі. Bluetooth өз меншік иесінің сауда белгісі болып табылады және оны HP Inc. компаниясы лицензия бойынша пайдаланады. Intel және Thunderbolt — Intel корпорациясының АҚШтағы және басқа елдердегі сауда белгісі. Microsoft және Windows – Microsoft компаниялар тобының сауда белгілері. Осы құжатта берілген ақпарат ескертусіз өзгертіледі.
Қауіпсіздік туралы ескерту хабары АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Қызып кетумен байланысты зақымдарды немесе компьютердің қатты қызып кету жағдайын азайту үшін компьютерді тізеңізге қоймаңыз немесе компьютердің ауа желдеткішін бітемеңіз. Компьютерді тек қатты, тегіс беттің үстіне қойып пайдаланыңыз. Қасында тұрған қосымша принтер сияқты қатты беттің немесе жастық, кілем немесе мата сияқты жұмсақ беттің ауа ағынын бөгеуіне жол бермеңіз.
iv Қауіпсіздік туралы ескерту хабары
Maзмұны 1 Қош келдіңіз ................................................................................................................................................ 1 Ақпаратты табу ..................................................................................................................................................... 2 2 Бөліктер ......................................................................................................................................................
4 Экранда шолу ............................................................................................................................................ 24 Сенсорлы тақтаны және сенсорлы экран қимылдарын пайдалану ................................................................ 24 Түрту ................................................................................................................................................. 24 Екі саусақ көмегімен масштабтау ........................................
Батареяның зарядсыздану уақытын ұлғайту ............................................................... 37 Төмен батарея деңгейлерін басқару ............................................................................. 37 Төмен батарея деңгейлерін анықтау ......................................................... 37 Төмен батарея деңгейі мәселесін шешу .................................................... 37 Батареяны шығарып алу ................................................................................
Дискіні тазалау құралын пайдалану ............................................................................................... 56 HP 3D DriveGuard бағдарламасын (тек таңдаулы өнімдерде) пайдалану ..................................... 57 HP 3D DriveGuard күйін анықтау .................................................................................. 57 Бағдарламалар мен драйверлерді жаңарту .......................................................................................................
12 Техникалық сипаттамасы ....................................................................................................................... 73 Тұтынылатын қуат ............................................................................................................................................. 73 Жұмыс ортасы .................................................................................................................................................... 73 13 Электростатикалық разряд ........
x
1 Қош келдіңіз Компьютерді орнатқан және тіркеген соң, зерделі қаржыландырудың ең көбін алу үшін келесі қадамдарды орындауды ұсынамыз: ● КЕҢЕС: Ашық тұрған бағдарламадан немесе Windows жұмыс үстелінен компьютердің бастау экранына жылдам оралу үшін, пернетақтадағы Windows пернесін басыңыз. Windows пернесін қайта басу алдыңғы экранға қайтарады. ● Интернетке қосылу — Интернетке қосылу үшін, сымды және сымсыз желіні реттеңіз. Қосымша ақпаратты Желі қосылымдары (19-бет) бөлімінен қараңыз.
Ақпаратты табу Өнім туралы егжей-тегжейлі деректерді, практикалық нұсқаулық ақпаратын және қосымша мәліметтерді қамтамасыз ететін ресурстарды табу үшін, мына кестені қараңыз. Ресурстар Мазмұны Орнату нұсқаулары ● Компьютердің параметрлерін орнатуға және мүмкіндіктеріне жалпы шолу Жұмысқа кіріскенде бағдарламасы ● Әдістер туралы ақпарат және ақаулықтарды жою бойынша кең ауқымды кеңестер НР қолдау қызметі ● HP маманымен желіде сөйлесу АҚШ-та қолдау қызметін пайдалану үшін http://www.hp.
Ресурстар 1. Мазмұны Тапсырмалар тақтасының іздеу жолағында поддержка (қолдау) сөзін жазып, HP Support Assistant бағдарламасын таңдаңыз. – немесе – Тапсырмалар тақтасындағы сұрау белгісінің белгішесін басыңыз. 2. ПК (ДК), одан кейін Гарантия и услуги (Кепілдік және қызметтер) тармағын таңдаңыз. – немесе – http://www.hp.com/go/orderdocuments веб-торабына өтіңіз.
2 Бөліктер Аппараттық құралдардың орналасқан жерлері Компьютерге орнатылған аппараттық құралдарды көру үшін: ▲ Тапсырмалар тақтасының іздеу жолағында диспетчер устройств (құрылғылар басқарушысы) деп теріп, Диспетчер устройств (Құрылғылар басқарушысы) қолданбасын таңдаңыз. Компьютерге орнатылған барлық құрылғылар тізімде көрсетіледі. Жүйенің аппараттық құралдарының компоненттері және жүйенің BIOS нұсқасының нөмірі туралы ақпарат алу үшін fn+esc (тек таңдаулы өнімдерде) пернелерін басыңыз.
Бөлік Сипаттама Бұл нұсқаулыққа кіру үшін Пуск (Бастау) түймесін, Все программы (Барлық бағдарламалар), Справка и поддержка НР (НР анықтамасы және қолдау) және содан кейін Документация НР (НР құжаттары) түймесін таңдаңыз. ЕСКЕРТПЕ: Құрылғы ұяға қосылған кезде, компьютер үндеткіштері ажыратылады. ЕСКЕРТПЕ: Құрылғы кабелінің аудио шығыс (құлақаспап) және аудио кіріс (микрофон) ұяларының екеуіне сәйкес келетін 4 сымды қосқышы бар екеніне көз жеткізіңіз. (3) USB 3.
Бөлік Сипаттама (4) DisplayPort Ажыратымдылығы жоғары монитор немесе проектор сияқты қосымша сандық көрсету құрылғысын жалғайды. (5) Thunderbolt DisplayPort Ажыратымдылығы жоғары дисплейге немесе өнімділігі жоғары деректер құрылғысына қосады. ЕСКЕРТПЕ: Thunderbolt жаңа технология болып табылады. Құрылғыңызды Thunderbolt DisplayPort портына жалғамас бұрын, Thunderbolt құрылғысына арналған ең соңғы драйверлердің барлығын орнатыңыз.
Дисплей Бөлік Сипаттама (1) WLAN антенналары (2)* Сымсыз жергілікті желілермен (WLAN) байланыста болу үшін сымсыз байланыс сигналдарын жібереді және қабылдайды. (2) WWAN антенналары (2)* Сымсыз ғаламдық желімен (WWAN) байланыс жасау мақсатында сымсыз сигналдарды жібереді және қабылдайды. (3) Ішкі микрофондар (2) Дыбыс жазады. (4) Веб-камера шамы (тек таңдаулы үлгілерде) Қосулы: веб-камера қолданылуда. (5) Веб-камера (тек таңдаулы үлгілерде) Бейнені жазады және фотосуретке түсіреді.
Жоғарғы жағы Сенсорлы тақта Бөлік 8 Сипаттама (1) Меңзегіш таяқша (тек таңдаулы өнімдерде) Меңзерді жылжытады және экрандағы элементтерді таңдайды немесе іске қосады. (2) Меңзегіш таяқшаның сол жақ түймешігі (тек таңдаулы өнімдерде) Сыртқы тінтуірдің сол жақ түймешігі сияқты жұмыс істейді. (3) Сенсорлы тақтаны қосу/өшіру түймешігі Сенсорлы тақтаны қосады және сөндіреді. (4) Сенсорлы тақта аймағы Меңзерді жылжытады және экрандағы элементтерді таңдайды немесе іске қосады.
Шамдар Бөлік (1) Сипаттама Қуат шамы ● Қосулы: компьютер қосулы. ● Жыпылықтау: компьютерде қуатты үнемдеу режимі болып табылатын «Ұйқы күйі» қосылған. Компьютер дисплейдің және басқа да қажет емес құрамдас бөліктердің қуатын өшіреді. ● Өшірулі: компьютер өшірулі немесе күту күйінде. Күту күйі — ең аз мөлшерде қуат тұтынатын қуатты үнемдеу режимі. (2) Caps lock шамы Қосулы: пернелердің барлығын бас әріп ететін «Caps lock» пернесі басылған.
Түймелер, үндеткіштер және саусақ ізін оқу құрылғысы (тек таңдаулы үлгілерде) Бөлік (1) Сипаттама Қуат түймешігі ● Компьютер өшірулі болғанда, компьютерді қосу үшін түймешікті басыңыз. ● Компьютер қосулы болғанда, ұйқы күйін қосу үшін түймешікті аз уақыт басыңыз. ● Компьютер ұйқылық күйде болғанда, ұйқы күйінен шығу үшін түймешікті тез басып қалыңыз. ● Компьютер күту күйінде болған кезде, күту күйінен шығу үшін түймешікті тез басып қалыңыз.
Бөлік Сипаттама (4) Дыбыс деңгейін өшіру түймешігі Үндеткіш дыбысын өшіреді және қайта қосады. (5) Саусақ ізін оқу құрылғысы (тек таңдаулы өнімдерде) Құпия сөзді енгізбестен, саусақ ізін пайдаланып Windows амалдық жүйесіне кіруге мүмкіндік береді.
Пернелер Бөлік Сипаттама (1) esc пернесі fn пернесімен бірге басылған кезде жүйе ақпараты көрсетіледі. (2) fn пернесі Функциялық перне, num lk пернесі немесе esc пернесімен бірге басқанда жиі пайдаланылатын жүйе функцияларын орындайды. (3) Windows пернесі Пуск (Бастау) мәзірін ашады. ЕСКЕРТПЕ: Windows пернесін қайта бассаңыз, Пуск (Бастау) мәзірі жабылады. 12 (4) Функциялық пернелер fn пернесімен бірге басылғанда, жиі пайдаланылатын жүйелік функцияларды орындайды.
Астыңғы жағы Бөлік Сипаттама (1) Батареяны шығару ысырмасы Батареяны орнынан шығарады. (2) Батарея орны Батареяны ұстап тұрады. (3) SIM картасының ұясы Сымсыз абонентті анықтау модуліне (SIM) қолдау көрсетеді. SIM картасының ұясы батарея ұясында орналасқан. (4) Қондыру қосқышы Қосымша қондыру құрылғысын жалғайды. (5) Қосымша батарея қосқышы Қосымша батареяны жалғайды. (6) Қызмет көрсетуге арналған есікті босату құлпы Қызмет көрсетуге арналған есікті құлыптайды.
Бөлік Сипаттама ЕСКЕРТПЕ: Компьютер желдеткіші ішкі бөліктерді салқындату үшін және қызып кетуден қорғау үшін автоматты түрде қосылады. Жұмыс барысында желдеткіштің біресе қосылып, біресе өшіп отыруы – қалыпты жағдай. (9) Қызмет көрсетуге арналған есік Қатты диск, сымсыз LAN (WLAN), WWAN және жад модульдерінің ұяларына кіруге мүмкіндік береді.
Бөлік Сипаттама жетті, Батарея төмен заряд деңгейіне жеткенде, батарея шамдары жылдам жыпылықтай бастайды. (4) Қатты диск шамы ● Өшірулі: Батарея толық зарядталған. ● Ақ түсте жыпылықтау: Қатты диск пайдаланылуда. ● Сары: HP 3D DriveGuard қызметі қатты дискті уақытша өшіріп қояды. ЕСКЕРТПЕ: HP 3D DriveGuard қызметі туралы ақпаратты HP 3D DriveGuard бағдарламасын (тек таңдаулы өнімдерде) пайдалану (57-бет) бөлімінен қараңыз.
Артқы көрінісі Бөлік Сипаттама (1) RJ-45 (желі) ұясы Желілік кабелді қосады. (2) Желдеткіш тесік Ішкі бөліктерді салқындату үшін ауа ағынын қосады. ЕСКЕРТПЕ: Компьютер желдеткіші ішкі бөліктерді салқындату үшін және қызып кетуден қорғау үшін автоматты түрде қосылады. Жұмыс барысында желдеткіштің біресе қосылып, біресе өшіп отыруы – қалыпты жағдай. (3) Қуат қосқышы Айнымалы ток адаптеріне қосылады. (4) Айнымалы ток адаптерінің шамы ● Ақ: Компьютер сыртқы қуатқа қосылды.
Бөлік (1) Сериялық нөмір (2) Өнім нөмірі (3) Кепілдік күшінің мерзімі (4) Модель нөмірі (тек таңдаулы өнімдерде) Бөлік (1) Модель атауы (тек таңдаулы өнімдерде) (2) Өнім нөмірі (3) Сериялық нөмір (4) Кепілдік күшінің мерзімі ● Техникалық деректер жапсырмасы(лары) — компьютер туралы техникалық ақпаратты береді.
4. Қуат сымын айнымалы ток көзінен ажыратыңыз. 5. Компьютерді төңкеріп, батарея ұясы өзіңізге қараған күйде тегіс бетке қойыңыз. 6. Батареяны алыңыз. 7. Картаны SIM ұясына енгізіп, карта нық отырғанша оны ішіне итеріңіз. ЕСКЕРТПЕ: Компьютердің SIM картасы осы бөлімдегі суреттегіден сәл өзгешелеу болуы мүмкін. ЕСКЕРТПЕ: SIM картасының компьютерге салынатын бағытын анықтау үшін, батарея орнындағы суретті қараңыз. SIM картасын шығарып алу үшін картаны басып, ұясынан шығарып алыңыз.
3 Желі қосылымдары Осы компьютермен кез келген жерге саяхаттауға болады. Алайда, компьютер мен сымсыз не сымды желі байланысын пайдаланып үйде отырып та дүние жүзін шарлап, миллиондаған веб-тораптардың ақпараттарына қол жеткізуге болады. Осы тараудағы ақпарат әлеммен байланысуға көмектеседі.
Сымсыз байланыс түймесі Компьютерде сымсыз байланыс түймешігі, бір немесе бірнеше сымсыз құрылғылар және бір немесе екі сымсыз байланыс шамы бар. Компьютердегі сымсыз құрылғылардың барлығы зауытта іске қосылады. Сымсыз байланыс шамы жеке құрылғылардың емес, сымсыз құрылғылардың жалпы қуат күйін анықтайды. Амалдық жүйе басқару элементтері Желі және ортақ қолдану орталығы қосылымды немесе желіні орнатуға, желіге қосылуға, желі ақаулықтарын тексеруге және жөндеуге мүмкіндік береді.
НР Мобильді кең жолақты модулін пайдалану (тек таңдаулы өнімдерде) HP мобильді кең жолақты компьютеріңізде кең ауқымды мобильді қызметке қолдау көрсетілген. Жаңа компьютерді мобильді оператордың желісімен пайдаланғанда Интернетке қосылу, электрондық пошта жіберу немесе корпоративтік желіге қосылу Wi-Fi жылдам қосылу нүктесінсіз мүмкін болады. ЕСКЕРТПЕ: Компьютер HP мобильді байланысты қамтитын болса, бұл бөлімдегі нұсқаулар қолданылмайды.
● Сурет түсіретін құрылғылар (принтер, камера) ● Дыбыстық құрылғылар (гарнитура, үндеткіштер) ● Тінтуір Bluetooth құрылғысы Bluetooth құрылғыларының дербес желісін орнатуға мүмкіндік беретін тең дәрежелі мүмкіндікті қамтамасыз етеді. Bluetooth құрылғыларының параметрлерін реттеу және оларды пайдалану туралы ақпаратты Bluetooth бағдарламалық құралының анықтамасынан қараңыз.
Модем кабелін қосу Модем кабелін қосу үшін, төмендегі қадамдарды орындаңыз: 1. Модемнің кабелін компьютердегі модем ұясына (1) жалғаңыз. 2. Кабельдің екінші ұшын RJ-11 қабырғалық телефон ұясына (2) жалғаңыз. ЕСКЕРТПЕ: Модем кабелінің теледидар мен радио кедергілерінен қорғайтын кедергілерді басу схемасы (3) бар болса, кабельдің осы схема орналасқан ұшын компьютерге қарай бағыттаңыз. Елге/аймаққа арналған модем кабелінің адаптерін қосу Телефон ұялары елге/аймаққа байланысты әр түрлі болады.
4 Экранда шолу Компьютер экраны бойынша келесі әдістермен жылжуға болады: ● Тікелей компьютер экранынан сенсорлық қимылдарды пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде) ● Сенсорлық қимылдарды сенсорлық тақтада пайдаланыңыз ● Пернетақтаны және қосымша тінтуірді пайдаланыңыз (тінтуір бөлек сатылады) ● Меңзегіш таяқшаны пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде) Сенсорлы тақтаны және сенсорлы экран қимылдарын пайдалану Сенсорлы тақта қарапайым саусақ қозғалыстарымен компьютер экранында шарлауға және меңзерді басқаруға
● Кішірейту үшін, екі саусақты сенсорлы тақта аймағында немесе сенсорлы экранға арасын алшақ қойып, одан кейін олардың арасын жақындатыңыз. ● Үлкейту үшін, екі саусақты сенсорлы тақта аймағында немесе сенсорлы экранда бірге қойып, олардың арасын ашыңыз. Екі саусақпен (сенсорлы тақтада ғана) жылжыту Екі саусақпен жылжу қимылын бетте немесе суретте жоғары, төмен қарай немесе жақтарға жылжу үшін пайдаланыңыз.
Бір саусақпен сырғыту (сенсорлы экранда ғана) Саусақты сырғыту қимылын панорамалау, тізімдер мен беттерді айналдыру үшін немесе нысанды жылжыту үшін пайдаланыңыз. 26 ● Экрандық меңзерді басқа жерге жылжыту үшін, саусағыңызды экранның беті арқылы қалаған бағытқа жылжытыңыз. ● Нысанды жылжыту үшін нысанды басып ұстап тұрыңыз, да саусағыңызды апарыңыз.
5 Ойын-сауық мүмкіндіктері НР компьютерін бизнес немесе ойын-сауық мақсаттарында басқа пайдаланушылармен веб-камера арқылы байланысу, дыбыс пен бейнені біріктіру немесе проектор, монитор, теледидар не үндеткіштер сияқты сыртқы құрылғыларды қосу үшін пайдаланыңыз. Компьютерде аудио, видео және камера мүмкіндіктерінің орналасқан орындары туралы ақпаратты Бөліктер (4-бет) бөлімінде қараңыз.
Гарнитураны қосу АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Жарақаттану қаупін азайту үшін, құлақаспаптар, тығын тәріздес құлақаспаптар немесе гарнитураны киер алдында, дыбыс қаттылығын төмендетіңіз. Қосымша қауіпсіздік ақпаратын Заңдық, қауіпсіздік және қоршаған орта ескертулерінен қараңыз. Бұл нұсқаулыққа кіру үшін Пуск (Бастау) түймесін, Все программы (Барлық бағдарламалар), Справка и поддержка НР (НР анықтамасы және қолдау) және содан кейін Документация НР (НР құжаттары) түймесін таңдаңыз.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Сыртқы құрылғының дұрыс кабель арқылы компьютердегі дұрыс ұяға қауіпсіз түрде жалғанғандығына көз жеткізіңіз. Құрылғы өндірушісінің нұсқауларын орындаңыз. Бейне мүмкіндіктеріңізді пайдалану туралы ақпаратты алу үшін HP Support Assistant қолданбасын қараңыз. Бейне құрылғыларын VGA кабелі арқылы қосу (таңдаулы үлгілерде ғана) ЕСКЕРТПЕ: болады.
ЕСКЕРТПЕ: Құрылғыңызды Thunderbolt DisplayPort портына жалғамас бұрын, Thunderbolt құрылғысына арналған ең соңғы драйверлердің барлығын орнатыңыз. Thunderbolt сымы және Thunderbolt құрылғысы (бөлек сатылады) Windows жүйесімен үйлесімді болуы тиіс. Құрылғының Windows үшін сертификатталған Thunderbolt құрылғысы екенін анықтау үшін, https://thunderbolttechnology.net/products мекенжайы бойынша өтіңіз. 1. Thunderbolt дисплей порты кабелінің бір ұшын компьютердегі Thunderbolt дисплей портына жалғаңыз. 2.
▲ Тапсырмалар тақтасының іздеу жолағында диспетчер устройств (құрылғылар басқарушысы) деп теріп, Диспетчер устройств (Құрылғылар басқарушысы) қолданбасын таңдаңыз. Компьютерге орнатылған барлық құрылғылар тізімде көрсетіледі. Дисплейлерді компьютерлерге AMD немесе Nvidia графикалық картасы (қосымша хабы бар) арқылы қосу ЕСКЕРТПЕ: AMD сызбалық реттегішімен және қосымша хабпен ең көп 6 сыртқы дисплей құрылғысын қосуға болады.
Intel графикасы (орнатылған хабты) бар компьютерлерге дисплейлерді қосу Ішкі хаб және Intel графикалық басқарушы арқылы 3 дисплей құрылғыларын келесі конгфигурациялармен қосуға болады: ● Компьютерге қосылған екі 1920 x 1200 DP мониторлары + бір 1920 x 1200 VGA мониторы, қосымша қондыру станциясына қосылған ● Компьютерге қосылған бір 2560 x 1600 DP мониторы + бір 1920 x 1200 VGA мониторы, қосымша қондыру станциясына жалғанған Бірнеше дисплей құрылғысын орнату үшін осы қадамдарды орындаңыз: 1.
6 Қуатты басқару ЕСКЕРТПЕ: Компьютерде қуат түймешігі немесе қуат қосқышы болуы мүмкін. Қуат түймешігі термині осы нұсқаулықта қуатты басқару элементтерінің екі түрін білдіреді. Компьютерді өшіру (сөндіру) ЕСКЕРТУ: Компьютер өшірілген кезде сақталмаған мәліметтер жойылады. Жұмысты аяқтау пәрмені амалдық жүйені қоса барлық ашық бағдарламаларды жауып, дисплей мен компьютерді өшіреді.
ЕСКЕРТПЕ: Компьютер ұйқылық күйде болғанда, желіге қосылудың кез келген түрін қосуды немесе компьютердің кез келген функцияларын орындай алмайсыз. Ұйқылық күйді қосу және одан шығу Компьютер қосулы болғанда келесі жолдардың кез келгенін қолданып ұйқылық күйді қосуға болады: ● Қуат түймешігін тез басып қалыңыз. ● Пуск (Бастау) түймешігін басып, Питание (Қуат) белгішесін, содан кейін Спящий режим (Ұйқылық күй) тармағын таңдаңыз. Ұйқылық күйден шығу үшін, қуат түймешігін басып қалыңыз.
● Батарея зарядының қалған деңгейін және ағымдағы қуат жоспарын экранда көру үшін, тінтуір меңзерін қуат көрсеткіші белгішесінің ● үстіне орналастырыңыз. Қуат параметрлерін пайдалану үшін, қуат көрсеткіші белгішесін тінтуірдің оң жақ түймешігімен басып, тізімнен бір тармақты таңдаңыз. Сондай-ақ, тапсырмалар тақтасының іздеу жолағында электропитание (қуат параметрлері) сөзін жазып, одан кейін Электропитание (Қуат параметрлері) тармағын таңдаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Компьютер айнымалы ток көзінен ажыратылғаннан кейін дисплей жарықтығы батареяның қызмет ету мерзімін сақтау үшін автоматты түрде төмендейді. Таңдаулы компьютерлерде ғана графикалық режимдер батареяның қызмет ету мерзімін ұзарту мақсатында қолданылады. Батарея туралы қосымша ақпарат табу Батарея туралы ақпаратқа қол жеткізу үшін 1. Тапсырмалар тақтасының іздеу жолағында поддержка (қолдау) сөзін жазып, HP Support Assistant бағдарламасын таңдаңыз.
Батареяның зарядсыздану уақытын ұлғайту Батареяның зарядсыздану уақыты батарея қуатын пайдаланғанда қандай мүмкіндіктердің қолданылатынына байланысты әртүрлі болады. Ең көп зарядсыздану уақыты батареяның сақтық сыйымдылығы төмендейтіндіктен біртіндеп қысқарады. Батареяның зарядсыздану уақытын ұлғайтуға арналған кеңестер: ● Экранның жарықтығын төмендетіңіз. ● Компьютер қолданыста болмағанда немесе зарядталмағанда компьютерден батареяны шығарып алыңыз. ● Батареяны салқын, құрғақ жерде сақтаңыз.
Батареяны шығарып алу Батареяны алу үшін ЕСКЕРТУ: Компьютердің жалғыз қуат көзі болып табылатын батареяны шығарып алу ақпараттың жоғалуын тудыруы мүмкін. Ақпараттың жоғалуына жол бермеу үшін, батареяны шығарып алмас бұрын, күту режимін қосыңыз немесе компьютерді Windows жүйесі арқылы өшіріп тастаңыз. 1. Компьютерді төңкеріп, батарея ұясы өзіңізге қараған күйде тегіс бетке қойыңыз. 2. Батареяны шығарып алу үшін, батареяны босату ысырмасын (1) сырғытыңыз. ЕСКЕРТПЕ: 3.
– немесе – 1. Компьютерді төңкеріп, батарея өзіңізге қараған күйде тегіс бетке қойыңыз. 2. Батареяны шығару үшін, батареяны құлыптау ысырмасын (1) жылжытыңыз, одан кейін батареяны босату үшін батареяны шығару ысырмасын (2) сырғытыңыз. ЕСКЕРТПЕ: 3. Батареяны бекіту сырғытпасы автоматты түрде бастапқы орнына түседі. Батареяны (3) жоғарыға тартып, оны (4) компьютерден шығарып алыңыз.
Сақталатын батареяның зарядын ұзақ уақыт бойы сақтау үшін оны салқын, құрғақ жерге қойыңыз. ЕСКЕРТПЕ: Сақталған батареяны әрбір 6 ай сайын тексеру қажет. Егер сыйымдылығы 50 пайыздан төмен болса, қайта сақтаудан бұрын батареяны қайта зарядтаңыз. Батарея бір немесе бірнеше ай сақталған болса, оны пайдаланбастан бұрын, тексеріңіз.
Сыртқы айнымалы ток қуаты көзін пайдалану АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Ұшақ бортында болғанда компьютер батареясын зарядтамаңыз. АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Мүмкін сақтық шараларына қатысты мәселелерді болдырмау үшін, компьютермен қамтамасыз етілетін айнымалы ток адаптерін, HP қамтамасыз ететін ауыстырғыш айнымалы ток адаптерін немесе HP компаниясынан сатып алынған айнымалы ток адаптерін ғана пайдаланыңыз. ЕСКЕРТПЕ: Айнымалы ток көзіне қосылу жөнінде қосымша ақпаратты қораптың ішіндегі Орнату нұсқаулары постерінен қараңыз.
Айнымалы ток адаптерін тексеру Айнымалы ток қуат көзіне жалғанған компьютерде мына жағдайлар орын алса, айнымалы ток адаптерін тексеріңіз: ● Компьютер қосылмайды. ● Дисплей қосылмайды. ● Қуат шамдары жанбайды. Айнымалы ток адаптерін тексеру: 1. Компьютерді сөндіріңіз. 2. Компьютерден батареяны шығарып алыңыз. 3. Айнымалы ток адаптерін компьютерге және ауыспалы ток розеткасына жалғаңыз. 4. Компьютерді қосыңыз. ● Қуат шамдары жанса, айнымалы ток адаптері дұрыс істеп тұр.
7 Қауіпсіздік Компьютерді қорғау Windows амалдық жүйесі қамтамасыз ететін стандартты қауіпсіздік мүмкіндіктері және Windows жүйесіне кірмейтін Setup Utility (BIOS) құралы жеке параметрлеріңіз бен деректеріңізді әртүрлі қауіптерден қорғауы мүмкін. ЕСКЕРТПЕ: Қауіпсіздік шешімдері сақтандырғыш құрал ретінде әрекет ету үшін жасалған. Бірақ олар құрылғыға күтімсіз қараудан немесе оны ұрланудан қорғай алмауы мүмкін.
Құпия сөздерді пайдалану Құпия сөз – компьютер ақпаратын қорғау үшін таңдалатын таңбалардың тобы. Ақпаратқа кіруді басқарудың жолына байланысты құпия сөздердің бірнеше түрлері орнатылуы мүмкін. Құпия сөздер Windows жүйесінде немесе компьютерде алдын ала орнатылған Computer Setup утилитасы арқылы тағайындалады. ● BIOS әкімшісінің құпия сөзі және DriveLock құпия сөзі Computer Setup утилитасында орнатылады. Олар жүйенің BIOS бағдарламасы арқылы басқарылады.
Құпия сөз Қызмет DriveLock басты құпия сөзі* DriveLock арқылы қорғалатын ішкі қатты дискіге кіруді қорғайды. Сонымен қатар, ол DriveLock қорғанысын алуға қолданылады. ЕСКЕРТПЕ: Таңдаулы үлгілерде, DriveLock құпия сөзін орнатпас бұрын BIOS әкімші құпия сөзін орнату қажет. DriveLock пайдаланушы құпия сөзі* DriveLock арқылы қорғалатын ішкі қатты дискіге кіруді қорғайды және бұл құпия сөз DriveLock құпия сөздерін іске қосу кезінде орнатылады.
● Пернетақтасы жоқ планшеттерді пайдалану кезінде: ▲ Планшетті өшіріңіз. Бастау мәзірі экранға шыққанша, қуат түймесін дыбыс деңгейін азайту түймешігімен бірге басыңыз, одан кейін Computer Setup утилитасын ашу үшін F10 пернесін басыңыз. 2. Security (Қауіпсіздік) опциясын, Change BIOS Administrator Password (BIOS әкімшісінің құпия сөзін өзгерту) немесе Change Password (Құпия сөзді өзгерту, тек таңдаулы үлгілерде) пәрменін таңдаңыз, одан кейін enter пернесін басыңыз. 3.
BIOS әкімші құпия сөзін енгізу BIOS әкімші құпия сөзін енгізу сұралған кезде, құпия сөзіңізді (құпия сөзді орнатқанда басылған бірдей пернелерді пайдалану арқылы) теріңіз, одан кейін enter пернесін басыңыз. BIOS әкімші құпия сөзін енгізудің екі сәтсіз әрекетінен кейін компьютерді өшіріп қайта бастаңыз және әрекетті қайталаңыз.
DriveLock құпия сөзін орнату Computer Setup утилитасында DriveLock құпия сөзін тағайындау үшін мына қадамдарды орындаңыз: 1. Computer Setup (Компьютерді орнату) утилитасын бастаңыз. ● ● 2. Пернетақтасы бар компьютерлер немесе планшеттерді пайдалану кезінде: 1. Компьютерді өшіріңіз. 2. Computer Setup утилитасын ашу үшін, қуат түймесін басыңыз және НР логотипі экранға шыққанда f10 пернесін басыңыз. Пернетақтасы жоқ планшеттерді пайдалану кезінде: 1. Планшетті өшіріңіз. 2.
2. 1. Планшетті өшіріңіз. 2. Бастау мәзірі экранға шыққанша, қуат түймесін дыбыс деңгейін азайту түймешігімен бірге басыңыз, одан кейін Computer Setup утилитасын ашу үшін F10 пернесін басыңыз. Security (Қауіпсіздік) пәрменін, Hard Drive Utilities (Қатты диск утилиталары) немесе Hard Drive Tools (Қатты диск құралдары) опциясын (тек таңдаулы үлгілерде), DriveLock параметрін таңдаңыз, одан кейін enter пернесін басыңыз.
DriveLock құпия сөзін енгізу (тек таңдаулы үлгілерде) Қатты дискінің компьютерге енгізілгенін қадағалаңыз (қосымша оптикалық құралға немесе сыртқы MultiBay құралына емес). DriveLock құпия сөзін енгізу сұралған кезде, қолданушы атауыңызды немесе құпия сөзіңізді (құпия сөзді орнатқанда басылған бірдей пернелерді пайдалану арқылы) теріңіз, одан кейін enter пернесін басыңыз. Құпия сөзін енгізудің үш сәтсіз әрекетінен кейін компьютерді өшіріп қайта бастаңыз және әрекетті қайталаңыз.
DriveLock картасын өзгерту (тек таңдаулы үлгілерде) Computer Setup утилитасында DriveLock құпия сөзін өзгерту үшін төменде берілген қадамдарды орындаңыз: 1. Компьютерді өшіріңіз. 2. Питание (Қуат) түймешігін басыңыз. 3. DriveLock Password (DriveLock құпия сөзін енгізу) сұралғанда, DriveLock құралының өзгертіліп жатқан ағымдағы пайдаланушы құпия сөзін немесе басты құпия сөзін теріңіз, enter пернесін басыңыз және Computer Setup утилитасын ашу үшін f10 пернесін басыңыз немесе түртіңіз. 4.
6. Ескертуді оқыңыз. Жалғастыру үшін YES (Иә) пәрменін таңдаңыз. 7. Өзгертулерді сақтап Computer Setup утилитасынан шығу үшін, Save (Сақтау) пернесін басып, экрандағы нұсқауларды орындаңыз. – немесе – Main (Негізгі) опциясын, одан кейін Save Changes and Exit (Өзгерістерді сақтап шығу) опциясын таңдаңыз және enter пернесін басыңыз. Автоматты DriveLock қорғау мүмкіндігін ажырату (тек таңдаулы үлгілерде) Computer Setup утилитасында DriveLock қорғау мүмкіндігін жою үшін мына қадамдарды орындаңыз: 1.
Екі түрлі желіаралық қалқанның ішінен таңдауға болады: ● Хостқа негізделген желіаралық қалқан — тек орнатылған компьютерді қорғайтын бағдарламалық құрал. ● Желіге негізделген желіаралық қалқандар — DSL немесе кабельдік модемнің және үй желісінің арасына орнатылып, желідегі барлық компьютерлерді қорғайды. Желіаралық қалқан орнатылғаннан соң жүйеге және жүйеден жіберілген барлық деректер тексеріліп пайдаланушы анықтаған қауіпсіздік белгілері бойынша салыстырылады.
Қосымша қауіпсіздік кабелін орнату (тек таңдаулы үлгілерде) ЕСКЕРТПЕ: Қауіпсіздік кабелі сақтандырғыш құрал ретінде әрекет ету үшін жасалған, бірақ ол компьютерге күтімсіз қараудан немесе оны ұрланудан қорғай алмауы мүмкін. ЕСКЕРТПЕ: мүмкін. Компьютердің қауіпсіздік кабелі ұясы осы бөлімдегі суреттегіден сәл өзгешелеу болуы 1. Қауіпсіздік кабелімен қауіпсізденетін нысанды айналдыра ораңыз. 2. Кілтін (1) кабель құлпына (2) салыңыз. 3.
Өнімнің үлгісіне қарай саусақ ізін оқу құрылғысы көлденеңінен немесе ұзынынан орналасуы мүмкін. Оның екі түрі де саусағыңызды металды сенсордың үстіне тігінен тигізуіңізді талап етеді.
8 Күтім Компьютерді оңтайлы күйде сақтау үшін, оған жүйелі түрде техникалық қызмет көрсету маңызды болып табылады. Бұл тарауда Дискіні дефрагментациялау және Дискіні тазалау құралдарын пайдалану жолдары түсіндіріледі. Сонымен қатар, бағдарламалар мен драйверлерді жаңарту нұсқаулары, компьютерді тазалау жөнінде қадамдар және компьютерді сапарға алып шығуға (немесе оны тасымалдауға) арналған кеңестер қамтамасыз етіледі.
HP 3D DriveGuard бағдарламасын (тек таңдаулы өнімдерде) пайдалану Төмендегі жағдайлардың біреуі орын алса, HP 3D DriveGuard бағдарламасы дискіні өшіру және дерек сұрауларын тоқтату арқылы қатты дискіні қорғайды. ● Сіз компьютеріңізді құлатып алдыңыз. ● Батарея қуатынан қосылып тұрған компьютерді оның дисплейі жабулы күйінде жылжытасыз. Бұл оқиғалардың біреуі аяқталғаннан кейінгі қысқа мерзімде HP 3D DriveGuard қатты дискіні қалыпты жұмыс жағдайына қайтарады.
Компьютерді тазалау Компьютерді қауіпсіз түрде тазалау үшін келесі өнімдерді пайдаланыңыз: ● Диметил бензил аммоний хлоридінің 0,3 пайыздық тұнбасы (мысалы, әртүрлі компаниялар шығарған бір рет қолданылатын сүрткіштер түрінде) ● Құрамында спирті жоқ әйнек тазалағыш сұйықтық ● Су және жұмсақ сабын қосылған ерітінді ● Құрғақ микроталшықты тазалау шүберегі немесе күдері (майланбаған жұмсақ антистатикалық шүберек) ● Антистатикалық шүберек майлықтар ЕСКЕРТУ: Компьютерді бір жолға зақымдауы мүмкін қатты
ЕСКЕРТУ: Ішкі бөліктерді зақымдамау үшін, сұйықтықтардың пернелер арасына тамшылап түсуіне жол бермеңіз. ● Сенсорлы тақта, пернетақта немесе тінтуірді тазалау үшін, бұрын аталған тазалау сұйықтықтарының біреуіне суланған жұмсақ микроталшық матаны, күдеріні немесе бір рет қолданылатын майлықты пайдаланыңыз. ● Пернелердің жабысып қалуын болдырмай, пернетақтадан шаңды, талшықтарды және қоқымдарды кетіру үшін түтігі бар қаңылтыр бөтелкедегі қысылған ауаны пайдаланыңыз.
9 Сақтық көшірме жасау және қалпына келтіру Бұл тарауда төмендегі процестер туралы ақпарат беріледі. Тараудағы ақпарат өнімдер үлгілерінің көбі үшін стандартты процедура болып есептеледі. ● Қалпына келтіру дискісін және сақтық көшірмелерді жасау ● Жүйеңізді бастапқы қалпына келтіру және қалыпқа келтіру Қосымша ақпаратты HP Support Assistant бағдарламасынан қараңыз. ▲ Тапсырмалар тақтасының іздеу жолағында поддержка (қолдау) сөзін жазып, HP Support Assistant бағдарламасын таңдаңыз.
(әлем бойынша қызмет көрсету телефондары) кітапшасын қараңыз. Әрі байланыс ақпаратын HP вебторабында табуға болады. http://www.hp.com/support мекен-жайын ашып, экрандағы нұсқауларды орындаңыз. Жүйені қалпына келтіру нүктелерін жасау және жеке мәліметтердің сақтық көшірмелерін жасау үшін Windows құралдарын пайдалануға болады. Ақпаратты Windows құралдарын пайдалану (62-бет) бөлімінен қараңыз.
1. Тапсырмалар тақтасының іздеу жолағында восстановление (қалпына келтіру) сөзін жазып, одан кейін HP Recovery Manager тармағын таңдаңыз. 2. Қалпына келтіру медиа құралын жасау тармағын таңдаңыз, одан кейін экрандағы нұсқауларды орындаңыз. Жүйені қалпына келтіру қажет болса, ақпаратты HP Recovery Manager арқылы қалпына келтіру (63-бет) бөлімінен қараңыз.
параметрлерге келтіру опциясын пайдалануға болады. Қосымша ақпаратты HP Recovery Manager арқылы қалпына келтіру (63-бет) бөлімінен қараңыз. ● Таңдаулы өнімдерде, егер қатты диск орнын босату үшін қалпына келтіру бөлімін жойғыңыз келсе, HP Recovery Manager бағдарламасы Remove Recovery Partition (Қалпына келтіру бөлімін жою) опциясын ұсынады. Қосымша ақпаратты HP Recovery бөлімін жою (тек таңдаулы өнімдерде) (65-бет) бөлімінен қараңыз.
HP Recovery бөлімін пайдалану (тек таңдаулы өнімдерде) HP Recovery бөлімі қалпына келтіру дискілерін немесе қалпына келтіру USB флэш-жадын пайдаланбастан Жүйені қалпына келтіру мүмкіндігін береді. Қалпына келтірудің бұл түрін тек қатты диск жұмыс істеп тұрғанда пайдалану мүмкін болады.
1. HP қалпына келтіру медиа құралын енгізіңіз. 2. BIOS құралын ашу: Пернетақталар тіркелген компьютерлер немесе планшеттерді пайдалану кезінде: ▲ Жүктеу опцияларын көрсету үшін, компьютер немесе планшетті қосыңыз немесе өшіріп қайта бастаңыз да, esc пернесін тез басып қалып, f9 пернесін басыңыз. Пернетақтасы жоқ планшеттерді пайдалану кезінде: ▲ Планшетті қосып немесе өшіріп қайта бастаңыз және дыбысты азайту түймесін тез басып ұстап тұрыңыз. Одан кейін f9 пернесін басыңыз.
10 Computer Setup (BIOS), TPM және HP Sure Start Computer Setup пайдалану Computer Setup немесе BIOS (Basic Input/Output System) жүйедегі бүкіл кіріс және шығыс құрылғыларының (мысалы, диск жетектері, монитор, пернетақта, тінтуір және принтер) арасындағы байланысты басқарады. Computer Setup ішінде орнатылған құрылғылардың параметрлері, компьютердің жүктелу реті және жүйе мен кеңейтілген жадтың көлемі қамтылған. ЕСКЕРТПЕ: Computer Setup құралына өзгертулер енгізу кезінде сақ болыңыз.
Computer Setup мәзірлерінен шығу үшін, төмендегі әдістердің біреуін пайдаланыңыз: ● Өзгертулерді сақтамай Computer Setup мәзірлерінен шығу үшін, мына әрекеттер орындаңыз: Экранның төменгі оң жақ бұрышындағы Exit (Шығу) белгішесін таңдаңыз және экрандағы нұсқауларды орындаңыз. – немесе – Main (Негізгі) опциясын, одан кейін Ignore Changes and Exit (Өзгерістерді сақтамай шығу) опциясын таңдаңыз және enter пернесін басыңыз.
Кейбір жүктелетін бумалардың құрамында файлды орнату және ақаулықтарды жою туралы ақпаратты қамтитын Readme.txt файлы бар. BIOS нұсқасын анықтау Computer Setup (BIOS) утилитасын жаңарту қажеттілігін анықтау үшін алдымен компьютердегі BIOS нұсқасын анықтаңыз. BIOS нұсқасының ақпаратын (ROM date (ROM күні) және System BIOS) (BIOS жүйесі) деп те аталады) fn+esc пернелерін басу (Windows жүйесінде болған жағдайда) немесе Computer Setup утилитасын ашу арқылы көрсетуге болады. 1.
ЕСКЕРТПЕ: Егер компьютер желіге қосылған болса, бағдарламалардың жаңартуларын, әсіресе жүйенің BIOS жаңартуларын орнатпас бұрын желілік әкімшімен байланысыңыз. BIOS нұсқасын орнату іс реттері әртүрлі екен. Жүктеп алу үрдісі аяқталғаннан кейін экранда көрсетілетін нұсқауларды орындаңыз. Нұсқаулар экранға шығарылмаған жағдайда мына қадамдарды орындаңыз: 1. Тапсырмалар тақтасының іздеу жолағында файл сөзін жазып, одан кейін Проводник (Жетектеуші) тармағын таңдаңыз. 2. Тағайындалған қатты дискіні басыңыз.
Computer Setup утилитасында TPM параметрлеріне қол жеткізу үшін 1. Computer Setup (Компьютерді орнату) утилитасын бастаңыз. Computer Setup (Компьютерді орнату) утилитасын бастау (66-бет) бөлімін қараңыз. 2. Security (Қауіпсіздік) тармағын, одан кейін TPM Embedded Security (ТРМ енгізілген қауіпсіздігі) тармағын таңдаңыз да, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
11 HP PC Hardware Diagnostics (UEFI) HP PC Hardware Diagnostics – бірыңғай кеңейтілетін ішкі бағдарламалық құрал интерфейсі (UEFI). Бұл құрал компьютердің аппараттық құралдарының дұрыс жұмыс істейтінін анықтау үшін диагностикалық сынақтарды жүргізуге мүмкіндік береді. Құрал амалдық жүйенің сыртында жұмыс істейді және амалдық жүйенің өзі немесе басқа бағдарламалық құралдар бөліктері туындауы мүмкін аппараттық құралдың ақаулықтарын бөлектейді.
UEFI ең соңғы нұсқасын жүктеп алу: 1. http://www.hp.com/go/techcenter/pcdiags веб-торабына өтіңіз. HP PC Diagnostics басты беті көрсетіледі. 2. HP PC Hardware Diagnostics бөлімінде Download (Жүктеу) сілтемесін таңдап, Выполнить (Орындау) түймешігін басыңыз. Белгілі бір өнім үшін UEFI кез келген нұсқасын жүктеп алу: 1. http://www.hp.com/support веб-торабына кіріп, еліңізді таңдаңыз. HP қолдау терезесі ашылады. 2.
12 Техникалық сипаттамасы Тұтынылатын қуат Егер сіз компьютерді алып, халықаралық саяхат жасауды жоспарласаңыз, осы бөлімде берілген қуат туралы ақпарат пайдалы болуы мүмкін. Компьютер айнымалы немесе тұрақты ток көзінен келетін тұрақты ток арқылы жұмыс істейді. Айнымалы ток көзі 100–240 В, 50–60 Гц шамасында болуы керек. Компьютер бөлек тұрақты ток көзінен жұмыс жасаса да, ол тек НР компаниясы берген және осы компьютерге қолдану үшін ұсынған айнымалы ток адаптері немесе тұрақты ток көзіне қосылуы керек.
13 Электростатикалық разряд Электростатикалық ток соғу — екі зат қатынасқа түскен кезде статикалық электр тогының соғуы, мысалы, кілем үстінде тұрып есіктің темір тұтқасын ұстағаннан болатын ток соғу. Саусақтар немесе басқа электростатикалық разряд өткізгіштерінен шығатын статикалық электр қуатының разряды электрондық бөліктерге зақым келтіруі мүмкін.
14 Қолжетімділік HP мүмкіндіктері шектеулі адамдарды қоса барлығы пайдалана алатын өнімдер мен қызметтерді оқшаулы түрде немесе тиісті көмекші құрылғылармен жасақтайды, өндіреді және нарыққа шығарады. Қолдау көрсетілетін көмекші технологиялар HP өнімдері операциялық жүйенің әр түрлі көмекші технологияларына қолдау көрсетеді және оларды қосымша көмекші технологиялармен жұмыс істеуге теңшеуге болады. Көмекші мүмкіндіктер туралы қосымша ақпаратты табу үшін құрылғыдағы Іздеу мүмкіндігін пайдаланыңыз.
Индекс А Автоматты DriveLock 51 Автоматты DriveLock құпия сөзі енгізу 51 шығарып алу 52 ажыратымдылығы жоғары құрылғылар, жалғау 32 айнымалы ток адаптері, тексеру 42 Айнымалы ток адаптері/батарея шамы 14 айнымалы ток адаптерін тексеру 42 Айнымалы ток адаптерінің шамдары, анықтау 16 ақпарат алу аппараттық құрал 4 бағдарламалық құрал 4 астыңғы жағы 17 Аудио 28 аудио кіріс (микрофон) ұясы, анықтау 4 аудио шығыс (құлаққап) ұясы, анықтау 4 Ә әкімші құпия сөзі 44 Б бағдарламалар мен драйверлерді жаңарту 57 бағд
К компьютер, сапарға шығу 39 компьютерді қорғау 58 компьютерді өшіру 33 компьютерді сапарға алып шығу 17, 39, 59 компьютерді тазалау 58 компьютерді тасымалдау 59 корпоративтік WLAN қосылымы 20 Күту қосу 34 шығу 34 күтім HP 3D DriveGuard 57 бағдарламалар мен драйверлерді жаңарту 57 Дискіні дефрагментациялау құралы 56 Дискіні тазалау 56 кірістірілген веб-камера шамы, анықтау 7 кірістірілген сандық пернетақта, анықтау 12 кішірейтілген бейнені қалпына келтіру 64 Қ қалпына келтіру HP Recovery Manager 63 USB флэш
Сенсорлы тақта және сенсорлы экран қимылдары екі саусақ көмегімен қысып масштабтау 24 түрту 24 Сенсорлы тақта қимылдары екі саусақпен жылжу 25 екі саусақпен түрту 25 Сенсорлы тақтаны екі саусақпен түрту қимылы 25 Сенсорлы тақтаны пайдалану 24 Сенсорлы тақтаның шамы, анықтау 9 сенсорлы экран қимылдары бір саусақты сырғыту 26 сериялық нөмір 16 сериялық нөмір, компьютер 16 смарт карта ұясы 6 сымсыз антенналар, анықтау 7 сымсыз байланыс пернесі 19 сымсыз байланыс түймесі 19, 20 сымсыз байланыс шамы 9, 14, 19 сы
HP Touchpoint Manager 53 HP жүйені қалпына келтіру құралы қалпына келтіру 64 HP ресурстары 2 M Miracast 32 N num lock пернесінің шамы 9 R RJ-45 (желі) ұясы, анықтау S SIM картасы салу 17 SIM карта ұясы, анықтау Sure Start пайдалану 70 16 13 T TPM параметрлері 69 U USB 3.0 зарядтау (қуат берілетін) порты, анықтау 6 USB 3.