User Guide - Windows 7
Ақпараттың сақтық көшірмесін жасау
Бағдарламалық құралды бірінші рет орнатқаннан кейін жүйені қалпына келтіру дискілерін жəне бастапқы
сақтық көшірмені бірден жасауыңыз қажет. Жаңа бағдарлама жəне деректер файлдары қосылғаннан
кейін ең соңғы сақтық көшірме жасауды қамтамасыз ету үшін жүйенің сақтық көшірмесін жүйелі түрде
жасауды жалғастыру қажет. Компьютерді іске қосуға жəне жүйе тұрақсыз болған немесе істемей қалған
жағдайда амалдық жүйені
жөндеуге қолданылатын Windows жүйесін жөндеу дискілерін (тек таңдаулы
үлгілерде) жасау қажет. Алғашқы жəне кейінгі сақтық көшірмелеріңіз проблема туындағанда деректерді
қалпына келтіруге мүмкіндік береді.
Қосымша сыртқы қатты дискіге, желілік дискіге немесе дискілерге ақпараттың сақтық көшірмесін
жасауыңызға болады.
Сақтық көшірме жасау кезінде төмендегі кеңестерге назар аударыңыз:
●
Жеке файлдарды Құжаттар кітапханасына сақтап, олардың сақтық көшірмелерін
тұрақты түрде
жасап тұрыңыз.
●
Тиісті каталогтарда сақталатын үлгілердің сақтық көшірмелерін жасаңыз.
●
Терезе, құралдар тақтасы не мəзір жолында реттелетін параметрлерді олардың экран суретін жасау
арқылы сақтаңыз. Параметрлерді қалпына келтіру қажет болған кезде экран суреті уақытыңызды
сақтауы мүмкін.
●
Дисктерде сақтық көшірмелерді жасау кезінде, диск жетегінен алған соң əр дискті нөмірлеңіз.
ЕСКЕРТПЕ: Сақтық көшірме жасау жəне қалпына келтіру мүмкіндіктері туралы толық нұсқауларды
Анықтама жəне қолдау қызметіндегі тиісті бөлімдерде іздеңіз. Анықтама жəне қолдау орталығына кіру
үшін, Пуск (Бастау) > Справка и поддержка (Анықтама жəне қолдау) тармағын таңдаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Windows жүйесі компьютердің қауіпсіздігін жақсарту үшін, пайдаланушы есептік
жазбасын басқару мүмкіндігін қамтиды. Бағдарламалық құралды орнату, утилиталарды іске қосу немесе
Windows параметрлерін өзгерту сияқты тапсырмаларды орындау үшін сізден рұқсат немесе құпия сөз
сұралуы мүмкін. Анықтама жəне қолдау бөлімін қараңыз. Анықтама жəне қолдау орталығына кіру үшін,
Пуск (Бастау) > Справка и поддержка (Анықтама жəне
қолдау) тармағын таңдаңыз.
Windows сақтық көшірме жасау жəне қалпына келтіру мүмкіндігінің көмегімен сақтық көшірме жасау
үшін:
ЕСКЕРТПЕ: Сақтық көшірме жасау үрдісіне файл өлшеміне жəне компьютердің жазу жылдамдығына
байланысты бір сағаттай уақыт қажет болуы мүмкін.
1. Пуск (Бастау) > Все программы (Барлық бағдарламалар) > Обслуживание (Қызмет көрсету) >
Архивация и восстановление (Сақтық көшірмесін жасау жəне қалпына келтіру) тармақтарын
таңдаңыз.
2. Экрандық нұсқауларды орындап сақтық көшірме параметрлерін орнатыңыз, жүйе бейнесін жасаңыз
(тек таңдаулы үлгілерде) немесе жүйені жөндеу медиасын жасаңыз (тек таңдаулы үлгілерде).
Жүйені қалпына келтіруді жүзеге асыру
Жүйе қателігі немесе тұрақсыздығы орын алса, компьютер файлдарыңызды қалпына келтіру үшін
төмендегі құралдарды қамтамасыз етеді:
●
Windows қалпына келтіру құралдары: Windows жүйесінің сақтық көшірме жасау жəне қалпына
келтіру құралын пайдаланып бұрын сақтық көшірмесі жасалған ақпаратты қалпына келтіруге
KKWW Жүйені қалпына келтіруді жүзеге асыру 95










