User Guide - Windows 7
Thunderbolt DisplayPort құрылғысын жалғау
Thunderbolt дисплей порты ажыратымдылығы жоғары дисплейге немесе өнімділігі жоғары деректер
құрылғысына қосады. Сыртқы VGA монитор портымен салыстырғанда бұл порт өнімділігі жоғары болып,
сандық қосылысты жақсартады.
ЕСКЕРТПЕ: Thunderbolt жаңа технология болып табылады. Құрылғыңызды Thunderbolt DisplayPort
портына жалғамас бұрын, Thunderbolt құрылғысына арналған ең соңғы драйверлердің барлығын
орнатыңыз. Thunderbolt сымы жəне Thunderbolt құрылғысы (бөлек сатылады) Windows жүйесімен
үйлесімді болуы тиіс. Құрылғының Windows үшін сертификатталған Thunderbolt құрылғысы екенін
анықтау үшін,
https://thunderbolttechnology.net/products мекенжайы бойынша өтіңіз.
1. Thunderbolt дисплей порты кабелінің бір ұшын компьютердегі Thunderbolt дисплей портына
жалғаңыз.
2. Кабельдің екінші ұшын сандық дисплей ұясына жалғаңыз.
3. Компьютер экранындағы кескінді 4 түрлі көрсету күйіне ауыстырып қосу үшін, fn+f4 пернелер
тіркесімін басыңыз.
●
ДК экраны ғана: экрандағы кескінді тек компьютерден көру.
●
Қос: экрандағы кескінді бір уақытта компьютер мен сыртқы құрылғының екеуінен де көру.
●
Кеңейтілген: Экрандағы кескінді компьютер мен сыртқы
құрылғының екеуінен көру.
●
Екінші экран ғана: экрандағы кескінді тек сыртқы құрылғыдан көру.
fn+f4 пернелер тіркесімі басылған сайын, дисплей күйі өзгереді.
ЕСКЕРТПЕ: Əсіресе, “Кеңейту” параметрін таңдасаңыз, сыртқы құрылғының экран
ажыратымдылығын реттеңіз. Бастау экранында панель управления (басқару тақтасы) енгізіп,
қолданбалар тізімінен Панель управления (Басқару тақтасы) пəрменін таңдаңыз. Сыртқы түр
жəне даралау параметрін таңдаңыз. Дисплей санатынан Регулировать разрешение экрана (Экран
ажыратымдылығын реттеу) пəрменін таңдаңыз.
MultiStream Transport арқылы сымды дисплейлерді қосу
Қосымша хаб арқылы сымды дисплейлерді қосу
KKWW Бейне 45










