User Guide - Windows 7

Айнымалы ток адаптерін тексеру
Айнымалы ток қуат көзіне жалғанған компьютерде мына жағдайлар орын алса, айнымалы ток адаптерін
тексеріңіз:
Компьютер қосылмайды.
Дисплей қосылмайды.
Қуат шамдары жанбайды.
Айнымалы ток адаптерін тексеру:
ЕСКЕРТПЕ: Келесі нұсқаулар пайдаланушы ауыстыратын батареясы бар компьютерлерге қатысты
қолданылады.
1. Компьютерді сөндіріңіз.
2. Компьютерден батареяны шығарып алыңыз.
3. Айнымалы ток адаптерін компьютерге жəне ауыспалы ток розеткасына жалғаңыз.
4. Компьютерді қосыңыз.
Қуат шамдары жанса, айнымалы ток адаптері дұрыс істеп тұр.
Егер қуат шамдары сөніп тұрса, айнымалы ток адаптері жұмыс істемейді жəне оны ауыстыру
қажет.
Айнымалы токтың қуат адаптерін ауыстыруды орындау туралы ақпарат
алу үшін қолдау қызметімен
байланысыңыз.
Ауыспалы/қосарлы графикалық режимдер (тек таңдаулы үлгілер)
Кейбір компьютерлер ауыспалы графикалық режимдер немесе қосарлы графикалық режимдермен
жабдықталған.
Ауыспалы сызбалықтар—AMD™ жəне Intel қолдауы бар. Егер компьютеріңізде AMD динамикалық
ауыспалы графикалық режимдер болса, құрылғыңызда тек ауыспалы графикалық режимдер ғана
қолданылады.
Қос сызбалықтарТек AMD қолдауы бар. Егер компьютеріңізде AMD Radeon қосарлы графикалық
режимдер болса, құрылғыңызда тек қосарлы графикалық режимдер ғана қолданылады.
ЕСКЕРТПЕ: Қосарлы графикалық режимдер DirectX 10-шы немесе 11-ші нұсқасы қолданылатын
толық экранды құрылғыларда ғана іске қосылады.
ЕСКЕРТПЕ: Компьютер ауыспалы графикалық режимдер немесе қосарлы графикалық режимдердің
қайсысын қолданатындығын анықтау үшін, ноутбугіңіздің графикалық процессорының
конфигурациясын қараңыз. Intel HR орталық процессорлары жəне AMD Trinity сериялы өнімділігі
жылдамдатылған процессорлары ауыспалы графикалық режимдерді қолдайды. AMD Trinity сериялы A6,
A8 жəне A10 өнімділігі жылдамдатылған процессорлары қосарлы графикалық режимдерді қолдайды. AMD
Trinity сериялы A4 өнімділігі жылдамдатылған процессорлары қосарлы графикалық режимдерге қолдау
көрсетпейді.
Ауыспалы графикалық режимдер мен қосарлы графикалық режимдердің екеуі де графиканы өңдейтін екі
режимді ұсынады:
KKWW Қуат параметрлерін орнату 55