User Guide - Windows 7
Қатты дискілерді пайдалану
ЕСКЕРТУ: Мəліметтердің жоғалуын немесе жауапсыз жүйені болдырмау үшін
Жад модулін немесе қатты диск жетегін қоспас немесе алмастырмас бұрын жұмысыңызды сақтаңыз жəне
компьютерді өшіріңіз.
Егер компьютер сөндірулі екендігіне сенімді болмасаңыз, қуат түймешігін басып, компьютерді қосыңыз.
Содан соң амалдық жүйе арқылы компьютерді өшіріңіз.
Қызмет көрсетуге арналған есікті алу немесе қайта қою
Қызмет көрсетуге арналған есікті алу
Жад модулі ұясы, қатты диск пен басқа бөліктерге кіру үшін, қызмет көрсетуге арналған есікті алыңыз.
1. Батареяны шығарып алыңыз (
Батареяны шығарып алу (52-бет) бөлімін қараңыз).
2. Қызмет көрсетуге арналған есікті босату үшін, батарея ұясын өзіңізге қаратып, қызмет көрсетуге
арналған есік ысырмаларын (1) солға сырғытыңыз, бұранданы алыңыз (егер қосымша бұранда
қолданылса) (2), одан кейін босату ысырмасын (3) қайтадан сырғытыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Егер қосымша бұранданы пайдаланғыңыз келмесе, оны қызмет көрсетуге арналған
есіктің астында сақтай аласыз.
3. Қызмет көрсетуге арналған есікті компьютердің алдыңғы жағына (4) қарай сырғытып, (5) көтеріңіз
де қызмет көрсетуге арналған есікті алыңыз.
Қызмет көрсетуге арналған есікті орнына салу
Жад модулі ұясы, қатты диск, техникалық деректер жапсырмасы мен басқа бөліктерге кіргеннен кейін
қызмет көрсетуге арналған есікті орнына орналастырыңыз.
66 8-тарау Дискілер KKWW










