User Guide - Windows 7
Қатты дискіні шығарып алу
Қатты дискіні шығару үшін:
1. Жұмысыңызды сақтап, компьютерді өшіріңіз.
2. Компьютерге жалғанған айнымалы ток пен сыртқы құрылғыларды ажыратыңыз.
3. Компьютерді тегіс жерге теріс аударып қойыңыз.
4. Батареяны шығарып алыңыз (
Батареяны шығарып алу (52-бет) бөлімін қараңыз).
5. Қызмет көрсету үшін ашатын есікті алыңыз (
Қызмет көрсетуге арналған есікті алу (66-бет) бөлімін
қараңыз).
6. Қатты дискідегі 3 бұранданы бұрап босатыңыз (1). Қатты диск ілмегін ашыңыз (2) жəне қақпақты
алып тастаңыз (3).
7. Қатты дискіні көтеріп (3), оны диск жетегінен шығарып алыңыз.
Қатты дискіні орнату
ЕСКЕРТПЕ: Компьютердің көрінісі осы бөлімдегі суреттегіден сəл өзгешелеу болуы мүмкін.
Қатты дискіні орнату үшін:
1. Қатты дискіні бұрышта (1) оның ұясына салып, одан кейін қатты дискіні оның ұясында (2) тегіс
орналастырыңыз.
2. Қатты дискіні қосқышқа іліндіру үшін қатты диск ілмегін (2) жабыңыз.
68 8-тарау Дискілер KKWW










