User Guide - Windows 7
DriveLock құпия сөзін орнату
Computer Setup қызметінде DriveLock құпия сөзін орнату үшін, келесі қадамдарды орындаңыз:
1. Компьютерді қосыңыз жəне экранның төменгі жағында «Press the ESC key for Startup Menu» (Бастау
мəзірін ашу үшін ESC пернесін басыңыз) хабары көрсетіліп тұрғанда, esc пернесін басыңыз.
2. Computer Setup қызметіне кіру үшін, f10 пернесін басыңыз.
3. Меңзегіш құрылғының немесе көрсеткі пернелердің көмегімен Security (Қауіпсіздік) > Hard Drive
Tools (Қатты диск құралдары) > DriveLock тармақтарын
таңдаңыз, содан кейін enter түймесін
басыңыз.
4. Set DriveLock Password (global) (DriveLock құпия сөзін орнату (жаһандық)) пəрменін таңдаңыз.
5. BIOS əкімшісінің құпия сөзіне кіріп, enter пернесін басыңыз.
6. Меңзегіш құрылғының немесе көрсеткі пернелердің көмегімен қорғалатын қатты дискіні таңдаңыз,
содан кейін enter пернесін басыңыз.
7. Ескертуді оқыңыз. Жалғастыру үшін, YES (ИƏ) жауабын таңдаңыз.
8. Нұсқау берілгенде, басты құпия сөзді теріп
, enter пернесін басыңыз.
9. Нұсқау берілгенде, басты құпия сөзді растау үшін, қайта теріп, enter пернесін басыңыз.
10. Нұсқау берілгенде, пайдаланушы құпия сөзін теріп, enter пернесін басыңыз.
11. Нұсқау берілгенде, пайдаланушы құпия сөзін растау үшін, қайта теріп, enter пернесін басыңыз.
12. Таңдалған дискіге DriveLock қорғанысын қоюды растау үшін, растау жолағында DriveLock деп
теріп, enter пернесін
басыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: DriveLock құпия сөзін растағанда, əріптің үлкен-кішілігіне назар аудару керек.
13. Өзгерістерді сақтап, Computer Setup қызметінен шығу үшін, экранның төменгі сол жақ
бұрышындағы Save (Сақтау) белгішесін басып, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
– немесе –
Көрсеткі пернелердің көмегімен Main (Негізгі) > Save Changes and Exit (Өзгерістерді сақтау жəне
шығу) пəрмендерін, одан кейін enter пернесін таңдаңыз.
Бұл өзгертулер нəтижесі компьютерді қайта қосқаннан кейін көрінеді.
DriveLock құпия сөзін енгізу
Қатты диск компьютерге салынғанын тексеріңіз (қосымша жалғау немесе сыртқы MultiBay құрылғысына
емес).
DriveLock əкімші құпия сөзін енгізу сұралған кезде, құпия сөзіңізді (құпия сөзді орнатқанда басылған
бірдей пернелерді пайдалану арқылы) теріңіз, одан кейін enter пернесін басыңыз.
Құпия сөзді енгізу əрекеті 2 рет қатар сəтсіз болса, компьютердің жұмысын аяқтап, қайта енгізіп көру
керек.
KKWW Құпия сөздерді пайдалану 79










