User Guide - Windows 8

11 Сақтық көшірме жасау жəне қалпына
келтіру
Ақпаратты қорғау үшін, Windows жүйесінің сақтық көшірмесін жасау жəне қалпына келтіру утилиталары
көмегімен жеке файлдардың жəне қалталардың сақтық көшірмелерін жасаңыз, бүкіл қатты диск
жетегінің сақтық көшірмесін жасаңыз, орнатылған оптикалық диск жетегін (тек таңдаулы үлгілерде)
немесе қосымша сыртқы оптикалық диск жетегін пайдаланып жүйені жөндеу дискілерін жасаңыз (тек
таңдаулы үлгілерде) немесе жүйені қалпына келтіру нүктелерін
жасаңыз. Жүйе істемей қалғанда,
компьютердің мазмұнын сақтық көшірме файлдарымен қалпына келтіруге болады.
Бастау экранында восстановление (қалпына келтіру) деп теріп, Настройки (Параметрлер) пəрменін
басып, көрсетілген параметрлер тізімінен таңдаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Сақтық көшірме жасау жəне қпаратты қалпына келтіру туралы қосымша ақпарат алу
үшін Windows жүйесіндегі анықтама жəне қолдау бөлімін қараңыз.
Жүйе тұрақсыз болса, HP компаниясы қалпына келтіру процедураларын басып шығаруды жəне кейін
пайдалану үшін сақтап қоюды ұсынады.
ЕСКЕРТПЕ: Windows жүйесі компьютердің қауіпсіздігін жақсарту үшін, пайдаланушы есептік
жазбасын басқару мүмкіндігін қамтиды. Бағдарламалық құралды орнату, утилиталарды іске қосу немесе
Windows параметрлерін өзгерту сияқты тапсырмаларды орындау үшін сізден рұқсат немесе құпия сөз
сұралуы мүмкін. Қосымша ақпарат алу үшін «Справка и поддержка» (Анықтама жəне қолдау) тармағын
қараңыз.
Ақпараттың сақтық көшірмесін жасау
Жүйе ақаулығынан кейін жүйені қалпына келтіру жəне жақын арада жасалған сақтық көшірме бірдей
нəтиже береді. Бағдарламалық құралды бірінші рет орнатқаннан кейін жүйені қалпына келтіру дискілерін
жəне бастапқы сақтық көшірмені бірден жасауыңыз қажет. Жаңа бағдарлама жəне деректер файлдары
қосылғаннан кейін ең соңғы сақтық көшірменің жасалуын қамтамасыз ету үшін жүйенің сақтық
көшірмесінің жүйелі түрде жасалып
отыруын жалғастыру қажет.
Windows сақтық көшірме жасау мүмкіндіктері туралы қосымша ақпаратты жəне нұсқауларды «Справка и
поддержка» (Анықтама жəне қолдау) бағдарламасынан қараңыз.
Жүйені қалпына келтіруді жүзеге асыру
Жүйе қателігі немесе тұрақсыздығы орын алса, компьютер файлдарыңызды қалпына келтіру үшін
төмендегі құралдарды қамтамасыз етеді:
Windows қалпына келтіру құралдары: Windows жүйесінің сақтық көшірме жасау жəне қалпына
келтіру құралын пайдаланып бұрын сақтық көшірмесі жасалған ақпаратты қалпына келтіруге
KKWW Ақпараттың сақтық көшірмесін жасау 93