User Guide - Windows 8
ЕСКЕРТПЕ: Дыбыс деңгейі амалдық жүйе жəне кейбір бағдарламалар арқылы басқарылады.
ЕСКЕРТПЕ: Компьютеріңіздегі дыбыс деңгейін басқару құралдары туралы ақпаратты Компьютермен
танысу (5-бет) бөлімінен қараңыз.
Құлақаспаптарды қосу
Сымды құлақаспаптарды компьютеріңіздің құлақаспаптарға арналған ұясына қосуға болады.
Компьютерге сымсыз құлақаспаптарды жалғау үшін, құрылғы өндірушісінің нұсқауларын орындаңыз.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Жарақаттану қаупін азайту үшін, құлақаспаптар, тығын тəріздес құлақаспаптар
немесе гарнитураны киер алдында, дыбыс қаттылығын төмендетіңіз. Қауіпсіздік туралы қосымша
ақпарат алу үшін, Заңдық, қауіпсіздік жəне экологиялық ескертпелер нұсқаулығын қараңыз.
Микрофонды қосу
Дыбыс жазу үшін, микрофонды компьютердің микрофон ұясына қосыңыз. Жазу кезінде жақсы нəтиже
алу үшін, микрофонға тікелей сөйлеп, артқы шу жоқ параметрде дыбысты жазыңыз.
Құлақаспаптарды жəне микрофондарды қосу
Сымды құлақаспаптарды жəне гарнитураларды компьютердегі аудио шығыс (құлақаспап) ұясына/аудио
кіріс (микрофон) ұясына қосуға болады. Ішкі микрофоны бар гарнитуралар сатылады.
Компьютерге желісіз құлақаспаптарды не гарнитураларды қосу үшін, құрылғы өндірушісінің
нұсқауларын орындаңыз.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Жарақаттану қаупін азайту үшін, құлақаспаптар, тығын тəріздес құлақаспаптар
немесе гарнитураны киер алдында, дыбыс қаттылығын төмендетіңіз. Қауіпсіздік туралы қосымша
ақпарат алу үшін, Заңдық, қауіпсіздік жəне экологиялық ескертпелер нұсқаулығын қараңыз. Осы
нұсқаулықты ашу үшін, Пуск (Бастау) экранына поддержка (қолдау) сөзін теріп, HP Support Assistant
(HP қолдау көмекшісі) бағдарламасын таңдаңыз.
Компьютерде аудио функцияларын тексеру
ЕСКЕРТПЕ: Жазу кезінде жақсы нəтиже алу үшін, микрофонға тікелей сөйлеп, артқы шу жоқ
параметрде дыбысты жазыңыз.
Компьютердің дыбыс функцияларын тексеру үшін, келесі қадамдарды орындаңыз:
1. Бастау экранынан панель управления (басқару тақтасы) сөзін теріп, одан кейін Панель
управления (Басқару тақтасы) пəрменін таңдаңыз.
2. Оборудование и звук (Аппараттық құрал жəне дыбыс), одан кейін Звук (Дыбыс) тармақтарын
таңдаңыз.
3. Звук (Дыбыс) терезесі ашылғанда, Звуки (Дыбыстар) қойындысын басыңыз. Программные
события (Бағдарламалық оқиғалар) параметрі астынан
дыбыс сигналы немесе ескерту дыбысы
сияқты кез келген дыбыс оқиғасын таңдаңыз, одан кейін Проверить (Тексеру) түймешігін басыңыз.
Дыбысты үндеткіштер немесе қосылған құлақаспаптар арқылы естуіңіз қажет.
42 5-тарау Мультимедиа KKWW










