User Guide - Windows 8

Бейне немесе аудио құрылғысын DisplayPort портына жалғау үшін
1. DisplayPort кабелінің бір ұшын компьютердегі DisplayPort портына жалғаңыз.
2. Кабельдің екінші ұшын сандық дисплей ұясына жалғаңыз.
3. Компьютер экранындағы кескінді 4 түрлі көрсету күйіне ауыстырып қосу үшін, fn+f4 пернесін
басыңыз:
ДК экраны ғана: экрандағы кескінді тек компьютерден көру.
Қос: экрандағы кескінді бір уақытта компьютер мен сыртқы құрылғының екеуінен де көру.
Кеңейтілген: Экрандағы кескінді компьютер мен сыртқы құрылғының
екеуінен көру.
Екінші экран ғана: экрандағы кескінді тек сыртқы құрылғыдан көру.
fn+f4 пернесі басылған сайын, көрсету күйі өзгереді.
ЕСКЕРТПЕ: Жақсы нəтиже үшін, егер «Дополнительные» (Қосымша) опциясы таңдалған болса,
сыртқы құрылғының экран ажыратымдылығын мына жолмен реттеңіз. Бастау экранынан панель
управления (басқару тақтасы) сөзін теріп, одан кейін Панель управления (Басқару тақтасы)
пəрменін таңдаңыз. Оформление и персонализация (Безендіру жəне даралау) пəрменін таңдаңыз.
Дисплей ішінен Настройка разрешения экрана (Экран ажыратымдылығын реттеу) параметрін
таңдаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Құрылғы кабелін алу үшін, оны компьютерден ажыратуға қосқыш ілгекті басыңыз.
Thunderbolt DisplayPort құрылғысын жалғау
Thunderbolt дисплей порты ажыратымдылығы жоғары дисплейге немесе өнімділігі жоғары деректер
құрылғысына қосады. Сыртқы VGA монитор портымен салыстырғанда бұл порт өнімділігі жоғары болып,
сандық қосылысты жақсартады.
ЕСКЕРТПЕ: Thunderbolt жаңа технология болып табылады. Құрылғыңызды Thunderbolt DisplayPort
портына жалғамас бұрын, Thunderbolt құрылғысына арналған ең соңғы драйверлердің барлығын
орнатыңыз. Thunderbolt сымы жəне Thunderbolt құрылғысы (бөлек сатылады) Windows жүйесімен
үйлесімді болуы тиіс. Құрылғының Windows үшін сертификатталған Thunderbolt құрылғысы екенін
анықтау үшін,
https://thunderbolttechnology.net/products мекенжайы бойынша өтіңіз.
1. Thunderbolt дисплей порты кабелінің бір ұшын компьютердегі Thunderbolt дисплей портына
жалғаңыз.
KKWW Бейне 45