User Guide - Windows 8

2. Кабельдің екінші ұшын сандық дисплей ұясына жалғаңыз.
3. Компьютер экранындағы кескінді 4 түрлі көрсету күйіне ауыстырып қосу үшін, fn+f4 пернелер
тіркесімін басыңыз.
ДК экраны ғана: экрандағы кескінді тек компьютерден көру.
Қос: экрандағы кескінді бір уақытта компьютер мен сыртқы құрылғының екеуінен де көру.
Кеңейтілген: Экрандағы кескінді компьютер мен сыртқы
құрылғының екеуінен көру.
Екінші экран ғана: экрандағы кескінді тек сыртқы құрылғыдан көру.
fn+f4 пернелер тіркесімі басылған сайын, дисплей күйі өзгереді.
ЕСКЕРТПЕ: Сыртқы құрылғының экран ажыратымдылығын реттеңіз, əсіресе, “Extend”
(Кеңейту) параметрін таңдасаңыз. Бастау экранында панель управления (басқару тақтасы) деп
жазып, одан кейін бағдарламалар тізімінен Панель управления (Басқару тақтасы) тармағын
таңдаңыз. Оформление и персонализация (Безендіру жəне даралау) пəрменін таңдаңыз. Дисплей
ішінен Настройка разрешения экрана (Экран ажыратымдылығын реттеу) параметрін таңдаңыз.
MultiStream Transport арқылы сымды дисплейлерді қосу
Қосымша хаб арқылы сымды дисплейлерді қосу
MultiStream Transport (MST) компьютерде бір қосқыштан бірнеше дисплей қолдауын, DisplayPort (DP)
береді.
ЕСКЕРТПЕ: Nvidia сызбалық реттегішімен 4 дейін сыртқы дисплей құрылғысын қосуға болады.
ЕСКЕРТПЕ: AMD сызбалық реттегішімен 6 дейін сыртқы дисплей құрылғысын қосуға болады.
46 5-тарау Мультимедиа KKWW