User Guide - Windows 8
ЕСКЕРТПЕ: Компьютердің қауіпсіздік кабелі ұясы осы бөлімдегі суреттегіден сəл өзгешелеу болуы
мүмкін. Компьютеріңіздегі қауіпсіздік кабелінің ұясы орналасқан жері туралы ақпаратты
Компьютермен
танысу (5-бет) бөлімінен қараңыз.
1. Қауіпсіздік кабелімен қауіпсізденетін нысанды айналдыра ораңыз.
2. Кілтін (1) кабель құлпына (2) салыңыз.
3. Кабель құлпын компьютердегі қауіпсіздік кабеліне салып (3), кілтпен кабель құлпын құлыптаңыз.
Саусақ ізін оқу құрылғысын пайдалану (тек қана таңдаулы
үлгілерде)
Ішкі саусақ ізін оқу құрылғылары тек таңдаулы үлгілерде қолжетімді болады. Саусақ ізін оқу
құрылғысын қолдану үшін, саусағыңыздың таңбасын HP Client қауіпсіздік деректері менеджеріне
тіркеуіңіз қажет. HP Client қауіпсіздік бағдарламасының анықтамалық қызметіне жүгініңіз.
Саусақ ізін Credential Manager құралында тіркегеннен кейін, қолдау көрсетілетін веб-тораптарда жəне
бағдарламаларда пайдаланушы аттары мен құпия сөздерін сақтау жəне жазу үшін, HP Client Security
бағдарламасының Password Manager құралын пайдалана аласыз.
Саусақ ізін оқу құрылғысының орналасуы
Саусақ ізін оқу құрылғысы компьютердің төмендегі жерлерінде орналасқан кішкендей темір сенсор:
●
Сенсорлы тақтаның төменгі жағының қасында
●
Пернетақтаның оң жағында
●
Дисплейдің үстіңгі оң жағында
●
Дисплейдің сол жағында
Компьютердің үлгісіне байланысты саусақ ізін оқу құрылғысы көлденеңінен немесе ұзынынан орналасуы
мүмкін. Оның екі түрі де саусағыңызды металды сенсордың үстіне тігінен тигізуіңізді талап етеді.
Компьютеріңіздегі
саусақ ізін оқу құрылғысының орналасқан жері туралы ақпаратты Түймелер,
үндеткіштер жəне саусақ ізін оқу құрылғысы (тек таңдаулы үлгілерде) (13-бет) бөлімінен қараңыз.
KKWW Саусақ ізін оқу құрылғысын пайдалану (тек қана таңдаулы үлгілерде)85










