HP LaserJet Pro MFP M329, M428-M429 - Guarantee and Legal Guide

ЖЕРГІЛІКТІ ЗАҢМЕН РҰҚСАТ БЕРІЛГЕН ДӘРЕЖЕДЕ ЖОҒАРЫДА БЕРІЛГЕН КЕПІЛДІК ЖАЛҒЫЗ ДЕП САНАЛАДЫ
ЖӘНЕ ЕШБІР БАСҚА ЖАЗБАША НЕМЕСЕ АУЫЗША КЕПІЛДІК НЕМЕСЕ ШАРТ ТІКЕЛЕЙ НЕМЕСЕ ЖАНАМА ТҮРДЕ
БЕРІЛМЕЙДІ. HP КОМПАНИЯСЫ АРНАЙЫ САТУҒА ЖАРАМДЫЛЫҚ, ҚАНАҒАТТАНАРЛЫҚ САПА ЖӘНЕ БЕЛГІЛІ БІР
МАҚСАТҚА ЖАРАМДЫЛЫҚ ТУРАЛЫ КЕПІЛДІКТЕР МЕН ШАРТТАРДЫ МОЙЫНДАУДАН БАС ТАРТАДЫ.
ЖЕРГІЛІКТІ ЗАҢ БОЙЫНША РҰҚСАТ ЕТІЛЕТІН ДӘРЕЖЕДЕ, HP КОМПАНИЯСЫ НЕМЕСЕ ОНЫҢ
ЖАБДЫҚТАУШЫЛАРЫ ЕШБІР ЖАҒДАЙДА ДА КЕЛІСІМ-ШАРТҚА, АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚҚА НЕМЕСЕ
БАСҚАҒА НЕГІЗДЕЛГЕНІНЕ ҚАРАМАСТАН ТІКЕЛЕЙ, НАҚТЫ, ЖАНАМА, ТІКЕЛЕЙ ЕМЕС (СОНЫҢ ІШІНДЕ
ЖОҒАЛҒАН ПАЙДА МЕН ДЕРЕКТЕР) НЕМЕСЕ БАСҚА ДА ЗИЯНДАР ҮШІН ЖАУАПТЫ БОЛМАЙДЫ.
БҰЛ МӘЛІМДЕМЕДЕ БЕРІЛГЕН КЕПІЛДІК ШАРТТАРЫ, ЗАҢМЕН РҰҚСАТ ЕТІЛГЕН ДӘРЕЖЕНІ ҚОСПАҒАНДА, БҰЛ
ӨНІМДІ СІЗГЕ САТУҒА ҚАТЫСТЫ МІНДЕТТІ
, ЗАҢДА БЕЛГІЛЕНГЕН ҚҰҚЫҚТАРЫҢЫЗДЫ ЖОЙМАЙДЫ,
ШЕКТЕМЕЙДІ НЕМЕСЕ ӨЗГЕРТПЕЙДІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ТОЛЫҚТЫРЫП ТҰРАДЫ.
HP компаниясының HP шығармаған жабдықтарға қатысты
саясаты
HP жаңа немесе қалпына келтірілген HP шығармаған тонер картридждерін пайдалануды ұсынбайды.
ЕСКЕРТПЕ: HP принтерінің өнімдерінде, HP шығармаған тонер картриджін немесе қайта толтырылған
тонер картриджін пайдалану тұтынушыға берілген кепілдікке де, тұтынушымен жасалған кез келген
HP қолдау келісіміне әсер етпейді. Алайда, өнім HP шығармаған немесе қайта толтырылған тонер
картриджіне байланысты бұзылған немесе зақымданған болса, HP компаниясы сол бұзылуды немесе
зақымды жөндеу үшін стандартты уақыт пен материалдардың ақысын алады.
HP компаниясының жалған өніммен күрес веб-торабы
HP картриджін салғанда, басқару тақтасындағы хабарлама картриджді HP компаниясы шығармағанын
көрсетсе, www.hp.com/go/anticounterfeit торабына кіріңіз. HP компаниясы картридждің шынайы екендігін
анықтауға көмектеседі және мәселені шешу үшін шаралар қолданады.
Төмендегі сипаттар байқалса, картридждің түпнұсқа HP картриджі болмауы мүмкін:
Жабдықтар күйі беті HP шығармаған жабдықтың орнатылғанын көрсетеді.
Тонер картриджін пайдаланғанда түрлі мәселелер туындайды.
Картридж ол қалыпты түрдегідей көрінбейді (мысалы, орама HP орамасынан өзгеше).
Деректер тонер картриджінде сақталған
HP тонер картридждері осы өніммен пайдаланылады, оның құрамында өнімнің әрекетіне көмектесетін жад
микросхемасы бар.
Қосымша, бұл жад микросхемасы өнімді пайдалану туралы ақпаратты жинайды, оның құрамында
төмендегілер болуы мүмкін: тонер картриджінің алғашқы орнатылған күні, тонер картриджінің соңғы
пайдаланылған күні, тонер картриджі арқылы басып шығарылған беттер саны, бет толтыру,
пайдаланылған баспа режимдері, пайда болуы мүмкін кез келген баспа қателері және өнім моделі. Бұл
ақпарат HP компаниясына болашақта тұтынушының баспа қажеттіліктеріне сәйкес өнім жасақтау үшін
көмектеседі.
Тонер картриджінің жад микросхемасынан жиналған деректер құрамында тонер картриджінің немесе
олардың өнімінің тұтынушысы немесе пайдаланушысын анықтайтын ақпарат бар.
KKWW HP компаниясының HP шығармаған жабдықтарға қатысты саясаты 13