HP LaserJet Pro MFP M329, M428-M429 - Guarantee and Legal Guide
12. ЭКСПОРТТАУ ЗАҢДАРЫМЕН ҮЙЛЕСІМДІЛІГІ. Бағдарламалық құрал өнімі (1) тікелей немесе жанама
түрде экспорт заңдарына қайшы экспортталмағанын немесе (2) экспорт заңдарымен тыйым салынған
мақсатта, оның ішінде ядролық, химиялық немесе биологиялық қару ретінде, пайдаланылмағанын
қамтамасыз ету үшін Америка Құрама Штаттары мен басқа елдердегі («Экспорт заңдары») барлық
заңдар мен ережелерге сәйкес болу керек.
13. КЕЛІСІМШАРТ ЖАСАУ МҮМКІНДІГІ ЖӘНЕ ӨКІЛЕТТІГІ. Тұрғылықты орында заңды жасқа жеткеніңізді
және қолданбалы болған жағдайда осы келісімшартқа кіруге жұмыс берушімен заңды түрде
өкілеттік берілгенін көрсетесіз.
14. ҚОЛДАНЫСТАҒЫ ЗАҢ. Бұл EULA келісімі АҚШ-тың Калифорния штаты заңдарымен басқарылады.
15. ТОЛЫҚ КЕЛІСІМ. Бағдарламалық құрал өнімінің бөлек лицензиялық келісіміне енгенше, осы EULA
келісімі (оның ішінде, осы EULA келісімі қосымшасы немесе түзетпесі) — сіз бен HP арасындағы
бағдарламалық құрал өніміне қатысты толық келісім және барлық бастапқы немесе өткен
бағдарламалық құрал өніміне немесе осы EULA келісімімен қамтылған барлық басқа нысанға қатысты
ауызша немесе жазбаша байланыстарды, ұсыныстарды және көрсетілімдерді болдырмайды. Қолдау
көрсету қызметтеріне арналған HP саясаттарының немесе бағдарламаларының шарттары осы EULA
келісімінің шарттарымен қарама-қайшы болса, осы EULA келісімінің шарттары бойынша
басқарылады.
16. ТҰТЫНУШЫ ҚҰҚЫҚТАРЫ. Кейбір елдердегі, штаттардағы немесе аудандардағы тұтынушылар
тұтынушы заңнамасына сәйкес белгілі бір құқықтар мен ескертулер артықшылығына ие болуы
мүмкін, бұл орайда HP компаниясы міндеттемесі заңды түрде шектелмейді. Елдегі, штаттағы немесе
аудандағы тиісті тұтынушы заңнамасына сәйкес бағдарламалық құрал тұтынушы ретінде алынса,
осы EULA жағдайлары (оның ішінде, кепілдіктерден бас тарту, шектеулер және міндеттеме
ерекшеліктері) қолданбалы заңға сәйкес оқылып, тек қолданбалы заңға сәйкес қолданылуы керек.
Австралия тұтынушылары: Австралияның Бәсекелестік және тұтынушы актісі 2010 (Cth) бойынша
"Австралия тұтынушы заңына" сәйкес бағдарламалық құрал тұтынушы ретінде алынса, осы EULA
келісімінің басқа жағдайлары ескерілмейді:
а. бағдарламалық құрал Австарлияның тұтынушы заңына сәйкес жойылмайтын кепілдіктермен
келеді, оның ішінде тауарлар қабылданатын сапада болады және қызметтер дұрыс күтіммен
және біліктілікпен жеткізіледі. Сіз негізгі ақаулық жағдайында ауыстыруға немесе қайта
қаржыландыруға және болжалды кемшілік немесе зақым жағдайында өтемақы алуға
құқылысыз. Сонымен қатар, сіз сапасы қабылданарлық болмаса және негізгі ақаулық орын алса,
жөнделген немесе ауыстырылған бағдарламалық құрал алуға құқылысыз.
ә. EULA келісіміндегі ешбір жағдай заңды түрде ескерілмейтін немесе шектелмейтін Австарлияның
тұтынушы заңына сәйкес қолданылатын немесе орындалатын құқықты, ескертуді, кепілдікті,
кепілдемені немесе басқа шартты не талапты шектемейді немесе өзгертпейді;
б. осы EULA келісіміндегі кепілдіктер бойынша берілген артықшылықтар - Австралияның
тұтынушы заңы бойынша қолжетімді басқа құқықтар мен ескертулерге қосымша. Австралияның
тұтынушы заңы бойынша құқықтарыңыз кепілдікте көрсетілген шектеулермен сәйкессіздікті
көрсетеді.
Бағдарламалық құрал пайдаланушы құрған деректерді сақтай алуы мүмкін. HP компаниясы
бағдарламалық құралды жөндеген жағдайда жөндеу жұмысының деректердің жоғалуына
әкелетінін ескертеді. Толығымен заңмен рұқсат етілетіндіктен, осы EULA келісіміндегі HP
міндеттемесінің шектеулері мен ерекшеліктері осындай деректер жоғалтуға қолданылады.
Осы келісім немесе жоғарыдағы ескертулер бойынша кепілдікке міндеттімін деп ойласаңыз, HP
компаниясына хабарласыңыз:
KKWW Түпкі пайдаланушымен лицензиялық келісім 17










