HP LaserJet Pro MFP M329, M428-M429 - User Manual
4. Save As (Сақтау әдісі) тізімінен файл түрін таңдаңыз.
5. Сканерленген файлға атауды тағайындау үшін Filename (Файл аты) түймесін түртіп, пернетақтаны
пайдаланыңыз. Done (Дайын) түймесін түртіңіз.
6. Сканерлеуді алдын ала қарағыңыз немесе сканерлеу опцияларын өзгерткіңіз келсе, төмендегі
әрекеттерді орындаңыз:
● Сканерлеуді алдын ала қарау үшін алдын ала қарау белгішесін немесе Touch to Preview
опциясын түртіңіз (сканерлеуді алдын ала қарау опциясы принтер моделіне байланысты өзгеше
болады).
● Қосымша сканерлеу опциялары үшін параметрлер белгішесін түртіңіз.
7. Send (Жіберу) немесе Start Scan (Сканерлеуді бастау) (Сақтау немесе Жіберу) белгішесін түртіңіз.
Компьютерге сканерлеу (Windows)
Осы мүмкіндікті принтердің басқару тақтасынан компьютерге тікелей сканерлеу үшін қолданыңыз.
Бұл мүмкіндік тек Windows жүйесіне ғана қолжетімді.
Компьютерге сканерлемес бұрын, HP ұсынған принтер бағдарламалық құралын орнатып қойғаныңызды
тексеріңіз. Принтер мен компьютер жалғануы және қосулы болуы керек. Принтер бағдарламалық құралы
сканерлемес бұрын іске қосулы болуы керек.
1. Құжатты сканер шынысына немесе құжат беру құрылғысына принтердегі көрсеткіштерге сәйкес
қойыңыз.
2. Басқару тақтасының негізгі экранындағы Scan (Сканерлеу) белгішесін түртіңіз.
3. Оң жаққа сырғытып, Computer (Компьютер) белгішесін басыңыз.
4. Сканерлеу керек компьютерді таңдаңыз.
5. Scan Shortcut (Сканерлеу таңбашасы) пайдаланғыңыз келетін опция екенін растаңыз немесе басқа
сканерлеу опциясын таңдау үшін Scan Shortcut (Сканерлеу таңбашасы) опциясын түртіңіз.
6. Автоматты құжат бергішті (ADF) пайдалансаңыз және түпнұсқаңыз бір жақты парақ болса, өшірулі
күйіне жылжыту үшін Original 2-sided (Түпнұсқа екі жақты) жүгірткісінің сол жағын түртіңіз.
7. Қандай да бір қосымша сканерлеу опцияларын таңдау үшін (Параметрлер) белгішесін басыңыз.
8. Send (Жіберу) немесе Start Scan (Сканерлеуді бастау) (Сақтау немесе Жіберу) белгішесін түртіңіз.
Қосымша сканерлеу тапсырмалары
Қарапайым сканерлеу тапсырмаларын орындауға арналған интернеттегі ақпаратты іздеңіз.
www.hp.com/support/ljM329MFP, www.hp.com/support/ljM428MFPнемесе www.hp.com/support/ljM429MFP
торабына өтіңіз.
Сканерлеу тапсырмаларын орындауға нұсқаулар беріледі, мысалы:
88 6-тарау Сканерлеу KKWW










