HP LaserJet Pro MFP M329, M428-M429 - User Manual

Принтерді факс үшін реттеңіз
Принтер телефон желісіне қосылған соң, факс параметрлерін реттеу үшін осы ақпаратты пайдаланыңыз.
HP факс орнату шеберін пайдаланып, факс уақытын, күнін және тақырыбын реттеңіз
Принтерді басқару тақтасының көмегімен уақытты, күнді және тақырыпты реттеңіз
HP ендірілген веб-серверін (EWS) және принтер бастапқы бетін пайдаланып, уақытты, күн мен
тақырыпты реттеңіз
Автономдық факсты орнату
Жауап беру машинасы үшін конфигурациялау
HP Fax бағдарламасын Windows жүйесіне орнату (міндетті емес)
Бастау үшін төмендегі әдістердің біреуін пайдаланыңыз:
HP факс орнату шеберін пайдаланып, факс уақытын, күнін және тақырыбын реттеңіз (93-бет)
(ұсынылған әдіс)
Принтерді басқару тақтасының көмегімен уақытты, күнді және тақырыпты реттеңіз (94-бет)
HP ендірілген веб-серверін (EWS) және принтер бастапқы бетін пайдаланып, уақытты, күн мен
тақырыпты реттеңіз (94-бет) (бағдарлама орнатылған болса)
ЕСКЕРТПЕ: Америка Құрама Штаттарында және көптеген басқа елдерде/аймақтарда уақытты, күнді және
факс тақырыбының басқа мәліметтерін орнату заң талабы болып табылады.
HP факс орнату шеберін пайдаланып, факс уақытын, күнін және тақырыбын реттеңіз
Windows жүйесінде HP факс орнату шеберін пайдаланып, факс параметрлерін реттеңіз.
Бастапқы параметрлерді орнатудан және бағдарламаны орнатудан кейін мына қадамдарды орындау
арқылы факс параметрлерін орнату шеберін ашыңыз:
ЕСКЕРТПЕ: кейбір операциялық жүйелерде Факс орнату шеберіне қолдау көрсетілмейді.
1. HP принтер көмекшісін ашыңыз.
Windows 10: Startастау) мәзірінен All Apps (Барлық қолданбалар) тармағын таңдап, HP
опциясын басыңыз да, принтер атауын таңдаңыз.
Windows 8.1: Startастау) экранының төменгі сол жақ бұрышындағы төмен көрсеткіні басып,
принтер атауын таңдаңыз.
KKWW Принтер қосу және факс үшін реттеу 93