HP LaserJet Pro MFP M329, M428-M429 - User Manual
а. HP принтер көмекшісін ашыңыз:
● Windows 10: Start (Бастау) мәзірінен All Apps (Барлық қолданбалар) тармағын таңдап, HP
опциясын басыңыз да, принтер атауын таңдаңыз.
● Windows 8.1: Start (Бастау) экранының төменгі сол жақ бұрышындағы төмен көрсеткіні
басып, принтер атауын таңдаңыз.
● Windows 8: Start (Бастау) экранының бос аймағын тінтуірдің оң жақ түймесімен басып,
қолданбалар тақтасындағы All Apps (Барлық қолданбалар) түймесін басыңыз, одан кейін
принтер атауын таңдаңыз.
● Windows 7: компьютердің жұмыс үстеліндегі Start (Бастау) түймесін басып, All Programs
(Барлық бағдарламалар) опциясын таңдаңыз да, HP түймесін басып, принтер қалтасын,
одан кейін принтер атауын таңдаңыз.
ә. HP принтер көмекшісінде Print (Басып шығару) опциясын, одан кейін Printer Home Page (EWS)
(Принтер негізгі беті (ендірілген веб-сервер)) опциясын таңдаңыз. EWS экраны ашылады.
EWS серверіне веб-браузерден кіру:
а. Принтердің IP мекенжайын табыңыз: принтердің басқару тақтасындағы бастапқы экраннан
принтердің
IP мекенжайын немесе хост атауын көру үшін Wireless (Сымсыз) белгішесін
немесе
Ethernet белгішесін түртіңіз.
ә. Веб-браузерді ашыңыз және мекенжай жолында IP мекенжайын немесе хост атауын дәл
принтердің басқару панеліндегідей теріңіз. Компьютер пернетақтасындағы Enter пернесін
басыңыз. EWS экраны ашылады.
ЕСКЕРТПЕ: веб-браузерде веб-сайттың қауіпсіз болуын көрсететін хабар берілсе, веб-сайтты
жалғастыру үшін опцияны таңдаңыз. Бұл веб-сайтқа кіру компьютерге зақым келтірмейді.
2. Ендірілген веб-сервердің басты бетінен Fax (Факс) қойындысын басыңыз.
3. Факс параметрлерін конфигурациялау үшін экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Автономдық факсты орнату
Компьютерге немесе желіге қоспай, принтерді автономдық факс ретінде пайдаланатындай етіп реттеңіз.
1. Принтердің басқару тақтасының бастапқы экранындағы Fax (Факс) белгішесін оңға сырғытыңыз,
содан соң түртіңіз.
2. Setup (Реттеу) белгішесін оңға сырғытып, түртіңіз, содан соң Setup Wizard (Реттеу шеберін) түртіңіз.
3. Факс параметрлерін конфигурациялау үшін экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Жауап беру машинасы үшін конфигурациялау
Принтерді автожауапбергіш бар ортақ дауыс/факс желісінде орнату үшін осы қадамдарды орындаңыз.
1. Телефон ұясына қосылған барлық құрылғыларды ажыратыңыз.
2. Принтердің артындағы телефон желісінің шығыс портының ашасын алыңыз.
KKWW Принтер қосу және факс үшін реттеу 95










