HP LaserJet Pro MFP M329, M428-M429 - User Manual

3. Телефон кабелін принтердегі факс портына және қабырғадағы телефон ұясына жалғаңыз.
кейбір елдерде/аймақтарда принтермен бірге берілген телефон кабеліне адаптер қажет болуы
мүмкін.
ЕСКЕРТПЕ: кейбір принтерлерде факс порты телефон портының үстінде болуы мүмкін. Принтердегі
белгішелерді қараңыз.
4. Автожауапбергіштің телефон кабелін принтер артындағы телефон желісінің шығыс портына
жалғаңыз.
Автожауапбергішті тікелей принтерге жалғамасаңыз, автожауапбергіш жіберіліп жатқан факстың
факс үндерін жазуы және принтер факстарды қабылдамауы мүмкін.егер автожауапбергіште
кірістірілген телефон болмаса, ыңғайлы болуы үшін телефонды автожауапбергіштегі OUT (ШЫҒЫС)
портына жалғаңыз.
5. Принтердегі «Жауап беретін қоңыраулар» параметрін конфигурациялаңыз:
а. Принтердің басқару тақтасындағы негізгі экраннан құралдар тақтасын ашу үшін терезенің
үстіндегі қойындыны төмен қарай сырғытып, (Орнату белгішесі) опциясын басыңыз.
ә. Fax Setup (Факсты орнату) опциясына өтіп, оны түртіңіз, сосын Preferences (Параметрлер)
түймесін түртіңіз.
б. Rings to Answer (Жауап беретін қоңыраулар) опциясына өтіп, оны түртіңіз, қоңыраулар санын
таңдаңыз, сосын Done (Дайын) түймесін түртіп, «Параметрлер» мәзіріне қайтыңыз.
6. Принтерді факс қоңырауларына автоматты түрде жауап беретін етіп конфигурациялаңыз.
96 7-тарау Факс KKWW