HP LaserJet Pro MFP M329, M428-M429 - User Manual
▲ Параметрлер мәзірінен Auto Answer (Автоматты жауап беру) түймесін түртіп, параметрді
қосыңыз.
HP Fax бағдарламасын Windows жүйесіне орнату (міндетті емес)
HP Fax бағдарламасының көмегімен принтер арқылы компьютерден электрондық құжаттарды факспен
жібере аласыз.
HP Fax бағдарламалық құралын пайдалану үшін төмендегі жағдайлар сұралады:
● Принтер тікелей компьютерге немесе компьютер қосылған желіге жалғанған
● Принтердің бағдарламалық құралдары компьютерде орнатылған
● Принтер компьютердің операциялық жүйесін қолдайды
ЕСКЕРТПЕ: принтермен бірге келген HP Fax бағдарламасы принтермен бірге жұмыс істейтін жалғыз
компьютерлік факс бағдарламасы болып табылады. Принтер басқа өндірушілер шығарған факс
бағдарламаларымен үйлесімді емес.
Интернеттен жүктеу: www.hp.com/support бетіне өтіңіз, Software and Drivers (Бағдарламалық құрал және
драйверлер) тармағын басыңыз да, соңғы HP бағдарламасын жүктеп алу үшін экрандағы нұсқауларды
орындаңыз.
Бағдарлама орнатушысы нұсқау бергенде HP Fax Software (HP Fax бағдарламалық құралы) орнату керек
бағдарлама құрамдастарының біреуі ретінде таңдалғанын тексеріңіз.
KKWW Принтер қосу және факс үшін реттеу 97










