HP LaserJet Pro MFP M329, M428-M429 - User Manual
2. Қағазды қысып тұрғанша қағаз бағыттағышын реттеңіз.
123
3. Принтердің басқару тақтасының негізгі экранындағы Fax (Факс) белгішесін түртіңіз.
4. Send Now (Қазір жіберу) түймесін басыңыз.
5. Сенсорлық пернетақта арқылы факс нөмірін енгізіп, Send (Жіберу) түймесін басыңыз.
Принтер факс жібереді.
Факс кейінірек жіберілетіндей етіп оны жоспарлау
Принтерді басқару тақтасын факс алдағы 24 сағат ішінде автоматты түрде жіберілетіндей етіп жоспарлау
үшін пайдаланыңыз. Осы опцияны пайдаланғанда, принтер құжатты жадына сканерлеп, оны белгіленген
уақытта факспен жіберу үшін «Дайын» күйіне оралады.
1. Құжатты салыңыз
● Егер сканер әйнегіне түпнұсқаны салатын болсаңыз, оны әйнектің сол жақ артқы бұрышына
төмен қаратып қойыңыз.
● Егер құжат бергішке бірнеше бетті салсаңыз, беттерді жоғары қаратып, қағазға тиетін етіп қағаз
бағыттағыштарын реттеңіз.
Егер құжаттар бір уақытта құжат бергіште де, сканер әйнегінде де болса, принтер сканер әйнегіндегі
емес, құжат бергіштегі құжатты өңдейді.
2. Принтердің басқару тақтасының негізгі экранын оң жаққа сырғытып, Fax (Факс) белгішесін түртіңіз.
3. Send Later (Кейінірек жіберу) түймесін түртіңіз.
4. Факс жіберілетін нақты уақытты орнату үшін экрандағы бағандарды сырғытыңыз.
5. Сенсорлық пернетақта арқылы факс нөмірін енгізіп, Send (Жіберу) түймесін басыңыз.
Принтер құжатты сканерлеп, белгіленген уақытқа дейін оны принтердің жадында сақтайды да, содан
соң сол уақытта оны автоматты түрде жібереді.
Телефон кітапшасы жазбаларын пайдалану
Телефон кітапшасына бұрыннан қосылған жеке адамға немесе топқа факс жіберіңіз.
ЕСКЕРТПЕ: телефон кітапшасы жазбалары арқылы факс жібермес бұрын, алдымен телефон
кітапшасына контактілер қосуыңыз керек.
100 7-тарау Факс KKWW










