HP LaserJet Pro MFP M329, M428-M429 - User Manual
Телефон кітабының жазбаларын жою
Телефон кітабынан жазбаларды жойыңыз.
1. Принтердің басқару тақтасының негізгі экранын оң жаққа сырғытып, Fax (Факс) белгішесін түртіңіз.
2. Оң жаққа сырғытып, Phone Book (Телефон кітапшасы) белгішесін басыңыз.
3. Local Phone Book (Жергілікті телефон кітабы) белгішесін түртіп, жойғыңыз келетін контакт немесе
топтың атауына өтіп, оны түртіңіз.
4. Контактіні өңдеу немесе «Топты өңдеу» экранында контактіні жойғыңыз келетінін растау үшін Delete
(Жою) опциясын, содан соң Yes (Иә) түймесін түртіңіз.
Принтер жадынан алынған факсты қайта басып шығару
Басып шығарылмаған алынған факстар принтер жадында сақталады. Жадта сақталған алынған факсты
қайта басып шығарыңыз.
Жад толған соң, жадтан факстарды басып шығарғанға немесе жойғанға дейін принтер жаңа факс
қабылдай алмайды. Сондай-ақ қауіпсіздік немесе құпиялылық мақсатында жадтағы факстарды жойғыңыз
келуі мүмкін.
1. Қағаздың негізгі қағаз науасына дұрыс салынғанын тексеріңіз.
2. Принтердің басқару тақтасының негізгі экранын оң жаққа сырғытып, Fax (Факс) белгішесін түртіңіз.
3. Reprint (Қайта басып шығару) түймесін түртіңіз.
4. Жылжытып, басып шығарғыңыз келетін қабылданған факс атауын, сосын Print (Басып шығару)
түймесін түртіңіз.
Қосымша факс тапсырмалары
Қарапайым факс тапсырмаларын орындауға арналған интернеттегі ақпаратты іздеңіз.
www.hp.com/support/ljM329MFP, www.hp.com/support/ljM428MFPнемесе www.hp.com/support/ljM429MFP
торабына өтіңіз.
Факс тапсырмаларын орындауға нұсқаулар беріледі, мысалы:
● Факстың жылдам теру тізімін жасап, басқарыңыз
● Факс төлем кодтарын конфигурациялау
● Факстарды басып шығару кестесін пайдалану
● Кіресін факстарды құрсаулау
● Факстарды мұрағаттау және қайта бағыттау
104 7-тарау Факс KKWW










