HP LaserJet Pro MFP M329, M428-M429 - User Manual
1. Принтердің басқару тақтасының негізгі экранын оң жаққа сырғытып, Apps (Қолданбалар) белгішесін
түртіңіз.
2. Пайдаланғыңыз келетін басып шығару қолданбасын түртіңіз.
Жеке басып шығару қолданбалары туралы қосымша ақпарат алып, есептік жазба жасау үшін, HP
Connected қызметіне кіріңіз. HP Connected есептік жазбасы арқылы басып шығару қолданбаларын
қосуға, конфигурациялауға немесе жоюға және қолданбалардың принтер басқару тақтасында пайда
болу ретін орнатуға болады.
ЕСКЕРТПЕ: HP Connected веб-сайты барлық елдерде/аймақтарда қолжетімді болмауы мүмкін.
Ендірілген веб-сервер арқылы басып шығару қолданбаларын өшіруге де болады. Ол үшін ендірілген
веб-серверді ашыңыз ("Ендірілген веб-серверді ашу" қараңыз), Settings (Параметрлер), Security
(Қауіпсіздік), сосын Administrator Settings (Әкімші параметрлері) түймесін басыңыз. Only Print Apps (Тек
басып шығару қолданбалары) опциясын өшіріңіз.
Принтердің байланыс түрін өзгерту (Windows)
Принтерді бұрыннан пайдалансаңыз және оның қосылған жолын өзгерту керек болса, қосылымды өзгерту
үшін Device Setup & Software (Құрылғыны реттеу және бағдарламалық құрал) мүмкіндігін пайдаланыңыз.
Мысалы, USB немесе желі қосылымы арқылы жаңа принтерді компьютерге қосыңыз немесе қосылымды
USB құрылғысынан сымсыз қосылымға өзгертіңіз.
Device Setup & Software (Құрылғыны реттеу және бағдарламалық құрал) бөлімін ашу үшін келесі
процедураны орындаңыз:
1. HP принтер көмекшісін ашыңыз.
● Windows 10: Start (Бастау) мәзірінен All Apps (Барлық қолданбалар) тармағын таңдап, HP
опциясын басыңыз да, принтер атауын таңдаңыз.
● Windows 8.1: Start (Бастау) экранының төменгі сол жақ бұрышындағы төмен көрсеткіні басып,
принтер атауын таңдаңыз.
● Windows 8: Start (Бастау) экранының бос аймағын тінтуірдің оң жақ түймесімен басып,
қолданбалар тақтасындағы All Apps (Барлық қолданбалар) түймесін басыңыз, одан кейін
принтер атауын таңдаңыз.
● Windows 7, Windows Vista және Windows XP: компьютердің жұмыс үстеліндегі Start (Бастау)
түймесін басып, All Programs (Барлық бағдарламалар) опциясын таңдаңыз да, HP түймесін
басып, принтер қалтасын, одан кейін принтер атауын таңдаңыз.
2. HP принтерінің көмекшісі мүмкіндігінде Tools (Құралдар) параметрін таңдаңыз, содан соң Device Setup
& Software (Құрылғыны реттеу және бағдарламалық құрал) параметрін таңдаңыз.
106 8-тарау Принтерді басқару KKWW










