HP LaserJet Pro MFP M329, M428-M429 - User Manual

HP Ендірілген веб-серверімен және принтердің негізгі бетімен
орындалатын кеңейтілген конфигурация
Ендірілген веб-серверді басып шығару функцияларын принтердің басқару панелінен емес, өзіңіздің
компьютерден басқару үшін пайдаланыңыз.
Бірінші әдіс: бағдарламалық құралдан HP ендірілген веб-серверін (EWS) ашу
Екінші әдіс: веб-браузерден HP ендірілген веб-серверін (EWS) ашу
Принтер күйі туралы ақпаратты көру
Барлық жабдықтардың қалған қолдану мерзімдерін анықтап, жаңаларына тапсырыс беріңіз
Науа конфигурацияларын көру және өзгерту (қағаз түрлері мен өлшемдері)
Ішкі беттерді көріңіз және басып шығарыңыз
Желі конфигурациясын қараңыз және өзгертіңіз
HP ендірілген веб-сервері принтер IP негізделген желіге қосылғанда жұмыс істейді. HP ендірілген веб-
сервері IPX негізделген принтер байланыстарын қолдамайды. HP ендірілген веб-серверін ашу және
пайдалану үшін интернеттің болуы шарт емес.
Принтер желіге қосылғанда, HP ендірілген веб-сервері автоматты түрде қолжетімді болады.
ЕСКЕРТПЕ: принтердің негізгі беті (EWS) — принтер компьютерге USB арқылы қосылған кезде HP
ендірілген веб-серверіне қосылу үшін пайдаланылатын бағдарламалық құрал. Принтер компьютерге
орнатылған кезде толығымен орнатылса ғана қолжетімді болады. Принтерді жалғау әдісіне байланысты
кейбір мүмкіндіктерді қолдану мүмкін болмайды.
ЕСКЕРТПЕ: HP ендірілген веб-сервері (EWS) желі брендмауэрінен тыс қолжетімді болмайды.
Бірінші әдіс: бағдарламалық құралдан HP ендірілген веб-серверін (EWS) ашу
EWS серверін HP принтер көмекшісі бағдарламалық құралынан ашу үшін осы әдісті пайдаланыңыз.
1. HP принтер көмекшісін ашыңыз.
Windows 10: Startастау) мәзірінен All Apps (Барлық қолданбалар) тармағын таңдап, HP
опциясын басыңыз да, принтер атауын таңдаңыз.
Windows 8.1: Startастау) экранының төменгі сол жақ бұрышындағы төмен көрсеткіні басып,
принтер атауын таңдаңыз.
Windows 8: Startастау) экранының бос аймағын тінтуірдің оң жақ түймесімен басып,
қолданбалар тақтасындағы All Apps (Барлық қолданбалар) түймесін басыңыз, одан кейін
принтер атауын таңдаңыз.
Windows 7, Windows Vista және Windows XP: компьютердің жұмыс үстеліндегі Startастау)
түймесін басып, All Programs (Барлық бағдарламалар) опциясын таңдаңыз да, HP түймесін
басып, принтер қалтасын, одан кейін принтер атауын таңдаңыз.
2. HP принтер көмекшісінде Print (Басып шығару) опциясын, одан кейін Printer Home Page (EWS)
(Принтер негізгі беті (ендірілген веб-сервер)) опциясын таңдаңыз.
KKWW HP Ендірілген веб-серверімен және принтердің негізгі бетімен орындалатын кеңейтілген конфигурация 107