HP LaserJet Pro MFP M329, M428-M429 - User Manual

Екінші әдіс: веб-браузерден HP ендірілген веб-серверін (EWS) ашу
EWS серверін принтерді оның басқару панелінен емес, компьютерден басқару үшін пайдаланыңыз.
Ендірілген веб-серверге кірмес бұрын, принтер IP мекенжайына негізделген желіге қосылуы керек.
1. Негізгі экраннан немесе принтердің басқару тақтасынан (Сымсыз белгішесі) немесе (Ethernet
белгішесі) опциясын басып, принтердің IP мекенжайын немесе хост атауын көріңіз.
2. Веб-браузерді ашыңыз және мекенжай жолында IP мекенжайын немесе хост атауын дәл принтердің
басқару панеліндегідей теріңіз. Компьютер пернетақтасындағы Enter пернесін басыңыз. EWS экраны
ашылады
.
ЕСКЕРТПЕ: веб-браузерде веб-сайттың қауіпсіз болуын көрсететін хабар берілсе, веб-сайтты
жалғастыру үшін опцияны таңдаңыз. Бұл веб-сайтқа кіру компьютерге зақым келтірмейді.
108 8-тарау Принтерді басқару KKWW