HP LaserJet Pro MFP M329, M428-M429 - User Manual
IP желі параметрлерін реттеу
IP желі параметрлерін реттеу туралы төмендегі ақпаратты қараңыз.
●
Кіріспе
●
Принтерді бірлесіп пайдалануға байланысты жауапкершіліктен бас тарту
●
Желі параметрлерін көру немесе өзгерту
●
Желідегі принтердің атауын өзгерту
●
IPv4 TCP/IP параметрлерін басқару панелінен қолмен конфигурациялау.
●
Сілтеме жылдамдығы және дуплекстеу параметрлері
Кіріспе
Принтердің желі параметрлерін реттеу үшін төмендегі бөлімдердегі ақпаратты пайдаланыңыз.
Принтерді бірлесіп пайдалануға байланысты жауапкершіліктен бас тарту
HP бір рангтік желіні қолдамайды, себебі бұл мүмкіндік Microsoft операциялық жүйелерінің және HP
принтер драйверлерінің функциясы емес.
Microsoft компаниясының www.microsoft.com сайтына өтіңіз.
Желі параметрлерін көру немесе өзгерту
IP мекенжайын конфигурациялау параметрлерін көру немесе өзгерту үшін HP ендірілген веб-серверін
пайдаланыңыз.
1. HP ендірілген веб-серверін (EWS) ашыңыз:
а. Негізгі экраннан немесе принтердің басқару тақтасынан (Сымсыз белгішесі) немесе
(Ethernet белгішесі) опциясын басып, принтердің IP мекенжайын немесе хост атауын көріңіз.
ә. Веб-браузерді ашыңыз және мекенжай жолында IP мекенжайын немесе хост атауын дәл
принтердің басқару панеліндегідей теріңіз. Компьютер пернетақтасындағы Enter пернесін
басыңыз. EWS экраны ашылады.
ЕСКЕРТПЕ: веб-браузерде веб-сайттың қауіпсіз болуын көрсететін хабар берілсе, веб-сайтты
жалғастыру үшін опцияны таңдаңыз. Бұл веб-сайтқа кіру компьютерге зақым келтірмейді.
2. EWS бастапқы бетінде желі ақпаратын көру үшін Network (Желі) қойындысын басыңыз.
Параметрлерді қажетінше өзгертіңіз.
Желідегі принтердің атауын өзгерту
HP ендірілген веб-серверін (EWS) желідегі принтер атауын бірегей болатындай етіп өзгертіңіз.
1. HP ендірілген веб-серверін (EWS) ашыңыз:
а. Негізгі экраннан немесе принтердің басқару тақтасынан (Сымсыз белгішесі) немесе
(Ethernet белгішесі) опциясын басып, принтердің IP мекенжайын немесе хост атауын көріңіз.
112 8-тарау Принтерді басқару KKWW










