HP LaserJet Pro MFP M329, M428-M429 - User Manual

Принтердің қауіпсіздік мүмкіндіктері
Принтердің қауіпсіздік мүмкіндіктері туралы төмендегі ақпаратты қараңыз.
Кіріспе
Ендірілген веб-сервер арқылы жүйенің құпия сөзін тағайындау немесе өзгерту
Кіріспе
Принтерде конфигурация параметрлеріне кіруге құқылы пайдаланушыларды шектейтін, деректерді
қорғайтын және маңызды аппараттық құралдар компоненттеріне қол жеткізудің алдын алатын бірнеше
қауіпсіздік мүмкіндігі бар
.
Ендірілген веб-сервер арқылы жүйенің құпия сөзін тағайындау немесе өзгерту
Рұқсаты жоқ пайдаланушылар принтер параметрлерін өзгерте алмауы үшін, принтерге және HP ендірілген
веб-серверіне өтуге арналған әкімші құпия сөзін тағайындаңыз.
1. HP ендірілген веб-серверін (EWS) ашыңыз:
а. Негізгі экраннан немесе принтердің басқару тақтасынан (Сымсыз белгішесі) немесе
(Ethernet белгішесі) опциясын басып, принтердің IP мекенжайын немесе хост атауын көріңіз.
ә. Веб-браузерді ашыңыз және мекенжай жолында IP мекенжайын немесе хост атауын дәл
принтердің басқару панеліндегідей теріңіз. Компьютер пернетақтасындағы Enter пернесін
басыңыз. EWS экраны ашылады.
ЕСКЕРТПЕ: веб-браузерде веб-сайттың қауіпсіз болуын көрсететін хабар берілсе, веб-сайтты
жалғастыру үшін опцияны таңдаңыз. Бұл веб-сайтқа кіру компьютерге зақым келтірмейді.
2. Ендірілген веб-сервер негізгі бетіндегі Settings (Параметрлер) қойындысын басыңыз.
3. Сол жақ навигация аймағынан Security (Қауіпсіздік) түймесін басып, опцияларды кеңейтіңіз, сосын
General Security (Жалпы қауіпсіздік) түймесін басыңыз.
4. Құпиясөз енгізіңіз.
5. Conrm Password (Құпиясөзді растау) жолына құпиясөзді қайта енгізіп, Apply (Қолдану) түймесін
басыңыз.
Құпия сөзді жазып алып, оны қауіпсіз жерге сақтап қойыңыз.
KKWW Принтердің қауіпсіздік мүмкіндіктері 115