HP LaserJet Pro MFP M329, M428-M429 - User Manual
Өшіру режимінің параметрін орнату
Принтердің өшкенге дейін белсенді болуы керек уақыт аралығын көрсету үшін басқару тақтасы мәзірлерін
пайдаланыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: принтер өшкен соң, 1 Ватт не одан аз қуат тұтынылады.
1. Принтердің басқару тақтасындағы негізгі экраннан құралдар тақтасын ашу үшін терезенің үстіндегі
қойындыны төмен қарай сырғытып, (Орнату белгішесі) опциясын басыңыз.
2. Жылжытып, төмендегі мәзірлерді ашыңыз:
1. Қуатты басқару
2. Өшіру режимі
3. Принтер өшкенше, оның қанша уақыт әрекетсіз болу керектігін анықтау үшін опцияны түртіңіз.
Жұмысты аяқтауды өшіру параметрін реттеу
Әрекетсіздік кезеңінен кейін принтер жұмысының аяқталуын өшіру үшін басқару тақтасы мәзірлерін
пайдаланыңыз.
1. Принтердің басқару тақтасындағы негізгі экраннан құралдар тақтасын ашу үшін терезенің үстіндегі
қойындыны төмен қарай сырғытып, (Орнату белгішесі) опциясын басыңыз.
2. Жылжытып, төмендегі мәзірлерді ашыңыз:
1. Қуатты басқару
2. Жұмысты аяқтауды өшіру
3. Келесі параметрлердің біреуін түртіңіз:
● When ports are active (Порттар қосылып тұрғанда): барлық порттар өшпейінше, принтер
өшпейді. Қосулы желі байланысы немесе факс байланысы принтердің өшуіне жол бермейді.
● Do not disable (Өшірмеу): принтер Shutdown Mode (Жұмысты аяқтау режимі) параметрі
анықтағандай, әрекетсіздік кезеңінен кейін өшеді.
ЕСКЕРТПЕ: әдепкі параметр — When ports are active (Порттар қосылып тұрғанда).
HP Web Jetadmin
HP Web Jetadmin — желіге қосылған түрлі HP өнімдерін, соның ішінде принтерлерді, көп қызметті
принтерлерді, сандық жіберу құралдарын тиімді басқаруға арналған жоғары марапаттарға ие, алдыңғы
қатарлы құрал. Осы шешім ғана қашықтан орнату, бақылау, техникалық қызмет көрсету, ақауларды жою
және басып шығару мен кескіндеу ортасын қауіпсіз ету мүмкіндіктерін береді. Солай уақытты үнемдеуге,
шығындарды басқаруға және салымдарды қорғауға көмектесіп, бизнес өнімділігін арттырады.
Белгілі бір принтер мүмкіндіктерін қолдау мақсатында HP Web Jetadmin жаңартулары жасалып отырады.
Қосымша ақпарат алу үшін www.hp.com/go/webjetadmin сайтына өтіңіз.
KKWW HP Web Jetadmin 117










