HP LaserJet Pro MFP M329, M428-M429 - User Manual
Екінші әдіс: микробағдарламаны HP Printer Update қызметтік бағдарламасын
пайдаланып жаңарту
HP Printer Update қызметтік бағдарламасын қолмен жүктеп орнату үшін осы қадамдарды орындаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: бұл әдіс — тек компьютерге USB кабелі арқылы жалғанған принтерлер үшін
микробағдарламаны жаңарту параметрі. Бұл әдіс желіге жалғанған принтерлерде де жұмыс істейді.
ЕСКЕРТПЕ: осы әдісті пайдалану үшін баспа драйвері орнатылуы қажет.
1. www.hp.com/go/support сайтына өтіп, Software and Drivers (Бағдарламалық құрал және драйверлер),
сосын Printer (Принтер) түймесін басыңыз.
2. Мәтіндік өріске принтер атауын теріп, Submit (Жіберу) түймесін басыңыз, сосын іздеу нәтижелері
тізімінен принтеріңіздің үлгісін басыңыз.
3. Firmware (Микробағдарлама) бөлімінен Firmware Update (Микробағдарламаны жаңарту) файлын
табыңыз.
4. Download (Жүктеу) түймесін басып, Run (Іске қосу) басыңыз.
5. HP Printer Update қызметтік бағдарламасы іске қосылған кезде, жаңарту қажет принтерді таңдап,
Update (Жаңарту) түймесін басыңыз.
6. Экрандағы нұсқауларды орындап орнатуды аяқтаңыз, одан кейін қызметтік бағдарламаны жабу үшін
OK түймесін басыңыз.
KKWW Аппараттық бағдарламалық құралды жаңарту 119










