HP LaserJet Pro MFP M329, M428-M429 - User Manual
Пайдаланушы Қолдауы
HP принтеріңіз үшін қолдау көрсету параметрлерін табыңыз.
Кесте 9-1 HP қолдау опциялары
Қолдау параметрі Байланыс ақпараты
Еліңіз/аймағыңыз үшін телефон қолдауын алыңыз
Принтер атауын, сериялық нөмірін, сатып алынған күнін және
проблемалардың сипаттамаларын дайындап қойыңыз
Ел/аймақ телефон нөмірлері принтеріңіздің қорабындағы
флаерде немесе www.hp.com/support сайтында бар.
24 сағат бойы интернет арқылы қолдау алу және
бағдарламалық құрал утилиталары мен драйверлерін жүктеп
алу
www.hp.com/support/ljM329MFP, www.hp.com/support/
ljM428MFPнемесе www.hp.com/support/ljM429MFP
Қосымша HP қызмет көрсетуіне немесе қызмет келісімдеріне
тапсырыс беру
www.hp.com/go/carepack
Принтерді тіркеу www.register.hp.com
Басқару тақтасының анықтамалық жүйесі
Принтердің ішіне әр экранды пайдалану жолын түсіндіретін анықтама жүйесі орнатылған.
Анықтама жүйесін ашу үшін экранның төменгі оң жақ бұрышындағы Анықтама түймесін басыңыз.
Онлайн анықтаманы пайдалануға арналған кеңестер:
● Кейбір экрандарда «Анықтама» жүйесі жалпы мәзірден ашылып, белгілі бір тақырыптарды іздеуге
мүмкіндік береді. Мәзірдегі түймелерді түртіп, мәзір құрылымының ішінде жылжуға болады.
● Кейбір Анықтама экрандарында анимациялық көріністер бар. Бұлар, кептелістерді жою сияқты,
процедураларды орындауға көмектеседі.
● Жеке тапсырмалар опцияларын қамтитын экрандар үшін «Анықтама» жүйесі сол экрандардың
опцияларын түсіндіретін тақырыпты ашады.
● Принтер қате немесе ескерту туралы ескерту жасаса, ақауды сипаттайтын хабарды ашу үшін
Анықтама белгішесін түртіңіз. Сондай-ақ, хабарда осы ақауды жою нұсқаулары берілген.
Зауытта орнатылған әдепкі параметрлерді бастапқы қалпына
келтіру
Зауытта орнатылған стандартты параметрлерді қалпына келтіру принтер және желі параметрлерінің
барлығының зауытта орнатылған стандартты параметрлерін қайтарады. Ол бет санағын немесе науа
өлшемін қалпына келтірмейді.
Принтердің зауыттық параметрлерін қалпына келтіру үшін төмендегі қадамдарды орындаңыз.
ЕСКЕРТУ: зауытта орнатылған стандартты параметрлерді қалпына келтіру параметрлердің барлығын
зауыттағы стандартты параметрлерге қайтарады, сондай-ақ, ол жадта бар барлық беттерді жояды.
122 9-тарау Проблемаларды шешу KKWW










