HP LaserJet Pro MFP M329, M428-M429 - User Manual
Принтердің басқару тақтасында «Cartridge is low» (Картридж
деңгейі төмен) немесе «Cartridge is very low» (Картридж деңгейі
өте төмен) хабарламасы көрсетіледі
Басқару тақтасынан картриджге қатысты хабарларды және орындау керек әрекеттерді түсініңіз.
●
«Very Low» (Өте төмен) параметрлерін өзгерту
●
Жабдықтарына тапсырыс беру
Cartridge is low (Картридж деңгейі төмен): принтер тонер картриджінің деңгейі төмен екенін көрсетеді.
Тонер картриджінің қалған нақты жұмыс мерзімі әртүрлі болуы мүмкін. Баспа сапасы нашарлағанда,
орнына салынатын баспа картриджін дайындап қойыңыз. Тонер картриджін әзірше ауыстыру қажет емес.
Тонерді қайта үлестіру рұқсат етілетін баспа сапасына сәйкес келмейінше, басып шығаруды ағымдағы
картриджбен жалғастыруыңыз. Тонерді қайта үлестіру үшін, тонер картриджін принтерден шығарып алып,
картриджді көлденең білігінен әрі-бері жайлап қозғаңыз. Графикалық кескінді картриджді алмастыру
нұсқауларынан қараңыз. Тонер картриджін принтерге қайта салып, қақпақты жабыңыз.
Cartridge is very low (Картридж деңгейі өте төмен): принтер тонер картриджінің деңгейі өте төмен екенін
көрсетеді. Тонер картриджінің қалған нақты жұмыс мерзімі әртүрлі болуы мүмкін. Баспа сапасы
нашарлағанда, орнына салынатын баспа картриджін дайындап қойыңыз. Басып шығару сапасы жарамды
деңгейде болса, тонер картриджін әзірше ауыстырудың қажеті жоқ.
HP Premium Protection кепілдігінің мерзімі EWS немесе «Жабдықтар күйі» парағында осы жабдыққа HP
Premium Protection кепілдігінің аяқталғанын көрсететін хабарлама пайда болғанда бітеді.
124 9-тарау Проблемаларды шешу KKWW










