HP LaserJet Pro MFP M329, M428-M429 - User Manual
Принтер қағазды алмайды немесе дұрыс бермейді
Принтердің қағазды алмауы немесе дұрыс бермеуі туралы төмендегі ақпаратты қараңыз.
●
Кіріспе
●
Принтер бірнеше қағаз парақтарын тартып алады
●
Принтер қағазды тартып алмайды
●
Құжатты беру құрылғысында кептелістер, ығыс кету немесе қағаздың бірнеше парақтарын алу
туындаса
Кіріспе
Келесі шешімдер науадан қағазды алу немесе бірден бірнеше парақты алу бойынша мәселелерді шешуге
көмектеседі. Осы жағдайлардың бірі қағаз кептілістеріне әкелуі мүмкін.
Принтер бірнеше қағаз парақтарын тартып алады
Егер принтер бірнеше қағаз парақтарын науадан тартып алса, осы шешімдерді орындаңыз.
1. Науадан қағаздар жинағын жойыңыз және оны бүгіп, 180 градусқа бұрып, аударыңыз. Қағазға үрлеп,
желпілдетпеңіз. Науадағы қағаздар жинағын қайтып салыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: қағазды желдету статикалық қуатты қажет етеді. Қағазды желдетудің орнына, қағаздар
жинағының екі шетін ұстап, U түрінде майыстырыңыз. Одан кейін U пішінін қайтару үшін шеттерін
төмен айналдырыңыз. Енді қағаз бумасының екі жағын ұстап, осы процесті қайталаңыз. Бұл процесс
статикалық қуатты пайдаланбай-ақ парақтарды босатады. Қағаз жинағын науаға қайта салмас
бұрын, оны үстел үстінде түзетіп алыңыз.
Cурет 9-1 Қағаз жинағын майыстыру әдісі
1
2
2. Бұл принтер үшін HP техникалық сипаттамаларына сай келетін қағазды ғана пайдаланыңыз.
3. Бөлмедегі ылғалдылық осы принтердің техникалық талаптарына сай екенін және қағаз жабық
орамда сақталғанын тексеріңіз. Қағаздарды құрғақ күйде сақтау үшін, көптеген қағаз бумалары
ылғалға төзімді орамда сатылады.
Ылғалдылығы жоғары ортада буманың бетіндегі қағаз ылғалды сорып, толқындаған немесе қисық
түрде болуы мүмкін. Егер осылай болса, қағаз бумасының бетіндегі 5-10 парақты алып тастаңыз.
KKWW Принтер қағазды алмайды немесе дұрыс бермейді 127










