HP LaserJet Pro MFP M329, M428-M429 - User Manual

5. Науа ішіндегі қағаздар жинағының биіктігіне арналған белгілерді тексере отырып, науа шамадан тыс
толтырылмағанына көз жеткізіңіз. Егер науа шамадан тыс толған болса, науадан қағаздар жинағын
шығарыңыз, жинақты тікейтіп, науаға кейбір қағаздарды қайта салыңыз.
Келесі суреттерде әр түрлі принтерлер науаларындағы қағаздар жинағының биіктігіне арналған
белгілердің үлгілері берілген. HP принтерлерінің көбінде осыған ұқсас белгілер бар. Сонымен қатар,
барлық қағаз парақтары жинақ биіктігіне арналған белгілердің жанындағы бекіткіштерден төмен
екенін тексеріңіз. Бұл бекіткіштер қағаз принтерге кіретін кезде дұрыс орналасуына көмектеседі.
Cурет 9-2 Қағаздар жинағы биіктігінің белгілері
Cурет 9-3 Қағаздар жинағына арналған бекіткіш
6. Науадағы қағаз бағыттағыштары қағаздың өлшеміне қарай дұрыс реттелгенін тексеріңіз.
Бағыттауыштарды науадағы тиісті ойықтарына келтіріңіз.
7. Басып шығару ортасының ұсынылған спецификацияларда болуын тексеріңіз.
KKWW Принтер қағазды алмайды немесе дұрыс бермейді 129