HP LaserJet Pro MFP M329, M428-M429 - User Manual
5. Бөлмедегі ылғалдылық осы принтердің техникалық талаптарына сай екенін және қағаз жабық
орамда сақталғанын тексеріңіз. Қағаздарды құрғақ күйде сақтау үшін, көптеген қағаз бумалары
ылғалға төзімді орамда сатылады.
Ылғалдылығы жоғары ортада буманың бетіндегі қағаз ылғалды сорып, толқындаған немесе қисық
түрде болуы мүмкін. Егер осылай болса, қағаз бумасының бетіндегі 5-10 парақты алып тастаңыз.
Ылғалдылығы төмен ортада шамадан тыс статикалық қуатқа байланысты парақтардың бір-біріне
жабысып қалуы мүмкін. Бұл жағдайда қағазды науадан алып, қағаздың екі шетін ұстап, U түрінде
майыстырыңыз. Одан кейін U пішінін қайтару үшін шеттерін төмен айналдырыңыз. Енді қағаз
бумасының екі жағын ұстап, осы процесті қайталаңыз. Бұл процесс статикалық қуатты пайдаланбай-
ақ парақтарды босатады. Қағаз жинағын науаға қайта салмас бұрын, оны үстел үстінде түзетіп
алыңыз.
Cурет 9-5 Қағаз жинағын майыстыру әдісі
1
2
6. Қағазды қолмен беру сұралған экран көрсетіліп тұрғанын көру үшін принтердің басқару панелін
тексеріңіз. Қағаз салып, жалғастырыңыз.
KKWW Принтер қағазды алмайды немесе дұрыс бермейді 131










