HP LaserJet Pro MFP M329, M428-M429 - User Manual

Кептелген қағаздарды шығару
Кептелген қағаздарды шығару туралы келесі ақпаратты қарап шығыңыз.
Кіріспе
Қағаз кептелістері жиі немесе қайта-қайта орын ала бере ме?
Кептелген қағаз орындары
Құжат бергіштегі кептелген қағаздарды алу
1-науадағы кептелген қағаздарды шығарып алу
2-науадағы кептелген қағаздарды тазалау
3-науадағы кептелген қағаздарды тазалау
Кептелген қағаздарды тонер картриджінен немесе термобекіткіш аумағынан алу
Шығыс қалтасындағы кептелген қағаздарды тазалау
Дуплекстегіштегі кептелген қағаздарды тазалау
Кіріспе
Келесі ақпаратта принтердегі қағаз кептелістерін жоюға қатысты нұсқаулар бар.
Қағаз кептелістері жиі немесе қайта-қайта орын ала бере ме?
Жиі қағаз кептелістері мәселесін шешу үшін мына қадамдарды орындаңыз. Егер бірінші қадам мәселені
шешпесе, мәселе шешілгенше келесі қадамға өте беріңіз.
1. Егер принтерде қағаз кептелсе, кептелісті кетіріп, принтерді тексеру үшін конфигурация бетін басып
шығарыңыз.
2. Принтердің басқару панелінде науаның дұрыс қағаз өлшемі мен түріне реттелгенін тексеріңіз. Қажет
болса, қағаз параметрлерін реттеңіз.
а. Принтердің басқару тақтасындағы негізгі экраннан құралдар тақтасын ашу үшін терезенің
үстіндегі қойындыны төмен қарай сырғытып, (Орнату белгішесі) опциясын басыңыз.
ә. Paper setup (Қағазды реттеу) түймесін түртіңіз.
б. Тізімнен науаны таңдаңыз.
в. Paper Type (Қағаз түрі) параметрін, одан кейін науадағы қағаз түрінің атауын таңдаңыз.
г. Paper Size (Қағаз өлшемі) параметрін, одан кейін науадағы қағаз өлшемінің атауын таңдаңыз.
3. Принтерді өшіріп, 30 секунд күтіңіз де, қайта қосыңыз.
4. Принтер ішінен артық тонерді кетіру үшін тазалау бетін басып шығарыңыз.
а. Принтердің басқару тақтасындағы негізгі экраннан құралдар тақтасын ашу үшін терезенің
үстіндегі қойындыны төмен қарай сырғытып, (Орнату белгішесі) опциясын басыңыз.
ә. Мына мәзірлерді ашыңыз:
KKWW Кептелген қағаздарды шығару 133