HP LaserJet Pro MFP M329, M428-M429 - User Manual
● Ток соғу қаупінің алдын алу үшін осы қауіпсіздік мәлімдемелерін оқып түсініңіз.
● Осы өнімді өрттен немесе ток соғудан жарақат алу қаупін азайту үшін пайдаланған кезде, негізгі
қауіпсіздік талаптарын әрқашан орындаңыз.
● Пайдаланушы нұсқаулығындағы барлық нұсқауларды оқып, түсініңіз.
● Өнімде белгіленген барлық ескертулер мен нұсқауларды қарап шығыңыз.
● Бұйымды қуат көзіне жалғаған кезде, тек жерге тұйықталған электр шығысын пайдаланыңыз.
Шығыстың жерге тұйықталғанына сенімді болмасаңыз, білікті маманға тексертіңіз.
● Бұйымның ешқандай ұясындағы контактілерді ұстамаңыз. Зақымдалған сымдарды тез арада
ауыстырыңыз.
● Тазарту алдында бұйымды қабырға шығыстарынан ажыратыңыз.
● Бұйымды суға жақын жерде немесе дымқыл кезіңізде орнатпаңыз немесе пайдаланбаңыз.
● Бұйымды тегіс бетке мұқият орнатыңыз.
● Бұйымды қуат сымы басылмайтын немесе оған шалынбайтын, қорғалған орынға орнатыңыз.
Ашық ресурстық лицензия
Осы принтерде қолданылатын ашық ресурстық бағдарламалық құрал туралы ақпарат алу үшін
www.hp.com/software/opensource бетін қараңыз.
KKWW Ашық ресурстық лицензия 3










