HP LaserJet Pro MFP M329, M428-M429 - User Manual
Басып шығару сапасы мәселелерін жою
Басып шығару сапасы мәселелерін жою үшін, мына қадамдарды берілген ретпен орындап көріңіз.
●
Принтердің бағдарламалық құралын жаңарту
●
Әртүрлі бағдарламалық құралдан басып шығару
●
Баспа тапсырмасы үшін қағаз түрінің параметрін тексеру
●
Тонер картриджінің күйін тексеру
●
Тазалағыш бетті басып шығару
●
Тонер картриджін немесе картридждерін көзбен қарап шығу
●
Қағаз бен басып шығару ортасын тексеру
●
Басқа принтер драйверін қолданып көру
●
Үнемдеу режимі параметрлерін тексеру
●
Басып шығару тығыздығын реттеу
Арнайы кескін ақауларын жою үшін, «Кескін ақауларын жою» бөлімін қараңыз.
Принтердің бағдарламалық құралын жаңарту
Принтердің бағдарламалық құралын жаңартып көріңіз.
Қосымша ақпарат алу үшін www.hp.com/support сайтын қараңыз.
Әртүрлі бағдарламалық құралдан басып шығару
Басқа бағдарламалық құралдан басып шығарып көріңіз.
Бет дұрыс басылып шықпаса, мәселе басып шығарып отырған бағдарламалық құралыңызға қатысты
болып отыр.
KKWW Басып шығару сапасы мәселелерін шешу 159










