HP LaserJet Pro MFP M329, M428-M429 - User Manual
Тонер картриджінің күйін тексеру
Тонер картридждерінде қалған шамамен қызмет мерзімін тексеру және қажетінше басқа ауыстыруға
болатын техникалық қызмет көрсету бөліктерінің күйін тексеру үшін мына қадамдарды орындаңыз.
●
Бірінші қадам: жабдықтар күйінің бетін басып шығару
●
Екінші қадам: жабдықтар күйін тексеру
Бірінші қадам: жабдықтар күйінің бетін басып шығару
Жабдықтар күйінің бетін басып шығару үшін басқару тақтасы мәзірлерін пайдаланыңыз.
1. Принтердің басқару тақтасындағы негізгі экраннан құралдар тақтасын ашу үшін терезенің үстіндегі
қойындыны төмен қарай сырғытып, (Орнату белгішесі) опциясын басыңыз.
2. Меңзерді жылжытып, Reports (Есептер) түймесін түртіңіз.
3. Есепті басып шығару үшін Supplies Status Page (Жабдықтар күйінің беті) бетіне жылжып барып, оны
түртіңіз.
Екінші қадам: жабдықтар күйін тексеру
Жабдықтар күйі бетінде картридждер мен басқа ауыстырылатын қызмет көрсету белгілері туралы ақпарат
бар.
1. Тонер картридждерінде қалған шамамен қызмет мерзімін және (қажет болса) басқа ауыстыруға
болатын техникалық қызмет көрсету бөліктерінің күйін тексеру үшін жабдықтар күйі бетін қараңыз.
● Есептелген қызмет мерзімі аяқталғалы жатқан тонер картриджін пайдаланғанда басып шығару
сапасының мәселелері орын алуы мүмкін. Жабдықтар күйінің беті жабдық күйінің өте төмен
екенін көрсетеді.
● HP Premium Protection кепілдігінің мерзімі «Жабдықтар күйі» парағында немесе ендірілген веб-
серверде осы жабдыққа HP Premium Protection кепілдігінің аяқталғанын көрсететін хабарлама
пайда болғанда бітеді.
● Басып шығару сапасы жарамды деңгейде болса, тонер картриджін әзірше ауыстырудың қажеті
жоқ. Баспа сапасы төмен болғанда ауыстырылатын баспа картриджін қарастырып қойыңыз.
● Тонер картриджін немесе басқа ауыстырылатын қызмет көрсету бөлігін ауыстыру қажеттігін
байқасаңыз, түпнұсқа HP бөлік нөмірлері жабдықтар күйінің бетінде берілген.
2. Түпнұсқа HP картриджін пайдаланып жатқаныңызды көру үшін тексеріңіз.
Түпнұсқа HP тонер картриджінде «HP» сөзі немесе HP логотипі бар. HP картридждерін анықтау туралы
қосымша ақпаратты www.hp.com/go/learnaboutsupplies торабынан қараңыз.
Тазалағыш бетті басып шығару
Басып шығару процесінің барысында қағаз, тонер және шаң бөлшектері принтер ішінде жиналуы мүмкін
және тонер дақтары немесе шашырауы, жағылу, жолақтар, сызықтар немесе қайталанатын таңбалар
сияқты баспа сапасының мәселелерін тудыруы мүмкін.
Тазалағыш бетті басып шығару үшін төмендегі процедураны орындаңыз:
162 9-тарау Проблемаларды шешу KKWW










