HP LaserJet Pro MFP M329, M428-M429 - User Manual

1. Принтердің басқару тақтасындағы негізгі экраннан құралдар тақтасын ашу үшін терезенің үстіндегі
қойындыны төмен қарай сырғытып, (Орнату белгішесі) опциясын басыңыз.
2. Мына мәзірлерге жылжып түртіңіз:
1. Принтерге техникалық қызмет көрсету
2. Баспа сапасының құралдары
3. Тазалау беті
3. Сәйкес нұсқау берілгенде, таза Letter немесе A4 өлшемді қағазды салып, OK түймесін басыңыз.
Принтердің басқару тақтасында Cleaningазалау) туралы хабар көрсетіледі. Процесс аяқталғанша
күтіңіз. Басып шығарылатын бетті тастаңыз.
Тонер картриджін немесе картридждерін көзбен қарап шығу
Тонер картриджінің әрқайсысын тексеру үшін төмендегі қадамдарды орындаңыз:
1. Принтерден тонер картриджін шығарып, бітегіш таспаның алынғанын тексеріңіз.
2. Жад микросхемасының бұзылмағанын тексеріңіз.
3. Жасып принтер барабанының бетін тексеріңіз.
ЕСКЕРТУ: принтер барабанын ұстамаңыз. Принтер барабанындағы саусақ іздері баспа сапасына кері
әсер етеді.
4. Бейнелеу барабанында кез келген сызықтар, саусақ іздері немесе басқа зақымдар байқалса, тонер
картриджін ауыстырыңыз.
5. Тонер картриджін қайта орнатып, проблеманың шешілгеніне көз жеткізу үшін бірнеше бетті басып
шығарыңыз.
KKWW Басып шығару сапасы мәселелерін шешу 163