HP LaserJet Pro MFP M329, M428-M429 - User Manual
1. Науаны басқару
2. Кескінді реттеу
3. Реттейтін науаны таңдап, есепті басып шығару үшін Print Test Page (Сынақ бетін басып шығару)
опциясын түртіңіз.
4. Басып шығарылған беттердегі нұсқауларды орындаңыз.
5. Нәтижелерді тексеру үшін Print Test Page (Сынақ бетін басып шығару) опциясын түртіп, қажетінше
басқа реттеулерді орындаңыз.
Басқа принтер драйверін қолданып көру
Бағдарламалық құралдан басып шығарып жатқан болсаңыз және басып шығарылған беттерде
сызбалардағы күтпеген сызықтар, мәттіннің болмауы, сызбалардың болмауы, дұрыс емес пішім немесе
өзгертілген қаріптер туындаса, басқа принтер драйверін қолданып көріңіз.
HP веб-торабынан төмендегі драйверлердің кез келгенін жүктеп алыңыз: www.hp.com/support/ljM329MFP,
www.hp.com/support/ljM428MFPнемесе www.hp.com/support/ljM429MFP.
Кесте 9-3 Баспа драйверлері
Драйвер Сипаттама
HP PCL.6 драйвері Егер қолжетімді болса, осы принтерге арналған баспа драйвері Windows XP және
Windows Vista сияқты бұрынғы операциялық жүйелерді қолдайды. Қолдау
көрсетілетін операциялық жүйелер тізімін www.hp.com/go/support веб-сайтынан
қараңыз.
HP PCL 6 драйвері Осы принтерге арналған баспа драйвері Windows 7 және 3-нұсқа драйверлерін
қолдайтын жаңа операциялық жүйелерді қолдайды. Қолдау көрсетілетін
операциялық жүйелер тізімін www.hp.com/go/support веб-сайтынан қараңыз.
HP PCL-6 драйвері Осы өнімге арналған баспа драйвері Windows 8 және 4-нұсқа драйверлерін қолдайтын
жаңа операциялық жүйелерді қолдайды. Қолдау көрсетілетін операциялық жүйелер
тізімін www.hp.com/go/support веб-сайтынан қараңыз.
HP UPD PS драйвері ● Adobe бағдарламалық құралдарымен немесе басқа графикалық жадты көп
тұтынатын бағдарламалық құралдармен басып шығару үшін ұсынылады.
● Postscript эмуляция қажеттіліктерін қолдауды немесе Postscript флэш қаріптерін
қолдауды қамтамасыз етеді
HP UPD PCL 6 ● Барлық Windows орталарында басып шығару үшін ұсынылады
● Пайдаланушылардың көбісіне толық оңтайлы жылдамдық пен принтер
мүмкіндігін қолдауын қамтамасыз етеді
● Windows орталарындағы ең жақсы жылдамдық үшін Windows Graphic Device
Interface (GDI) интерфейсімен теңесетін етіп әзірленген
● PCL 5 драйверіне негізделген үшінші тарап және бейімделген бағдарламалық
құралдарымен толық үйлеспеуі мүмкін
Үнемдеу режимі параметрлерін тексеру
HP компаниясы EconoMode режимін үнемі пайдалануды ұсынбайды. EconoMode режимі үнемі пайдаланған
жағдайда, тонер картриджіндегі механикалық бөліктер тонер жабдығынан ерте тозуы мүмкін. Баспа
сапасы төмендей бастап, қанағаттанарлық болмаса, тонер картриджін ауыстырған жөн.
KKWW Басып шығару сапасы мәселелерін шешу 165










